ТЕСТ КЕЗІНДЕГІ ТЫҢ САУАЛ: ҰБТ ӨТКІЗУ ОРНЫНДАҒЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКПЕН СҰХБАТ
Елде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу деп аталатын кең ауқымды науқан басталып кетті. Биылғы біріңғай тест 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар үшін бұл кезең оңай тимесі анық. Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы техникамен жабдықталған тест тапсыру бекеттері орналасқан.Олай болуы заңды да, себебі бұл білім сынағына орта мектеп бітірген 92827 түлек қатысқалы отыр. Олар республиканың барлық өңірлерінде ашылған 165 тест тапсыру орындарына барып бақ сынайды.
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысындағы ең жоғары балл — 140. Дегенмен, көптеген қазақстандық жоғары оқу орындарындағы өту балы кемінде екі есе төмен. Жылдағы тәжірибеден байқағанымыздай, бұл өту балын барлық үміткерлер еңсере алмайды. Талапкерлерге ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі беріледі. (алайда тесттен қайта өтуге тура келеді).
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтіп жатқанын білудің ең оңтайлы жолы – сынақ тапсыратын оқушылар мен осы шараны ұйымдастыруға қатысы бар жандармен сөйлесу. Сондықтан да біз Ұлттық бірыңғай тестілеудің қазанында қайнап жүрген жандармен сұхбаттасуды ұйғардық. Олар: тест өтетін бекеттің жетекшілері, мектеп директорлары, осы ұлттық біріңғай тестілеудің қызығы мен шыжығын көретін түлектердердің өздері.
Біз Ұлттық бірыңғай тест өтетін орында кез-келген уақытта кездестіруге болатын адамдардан сұхбат алған едік. Оның ішінде ұйымдастырушылар да, білім ордасының өкілдері де бар. Енді Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағының басты кейіпкерлерінің бірімен таныстырғымыз келеді. Назарларыңызға Чин Давидті ұсынамыз. Ол Алматыдағы №106 (Түрксіб ауданы) мектептің қарапайым түлегі. Бірнеше минуттан соң Чин Давид сынақ тапсыратын дәрісхана табалдырығын аттайды.
Бұл сіздің тұңғыш рет тест тапсыруыңыз ба, әлде бұған дейін сынақ тапсырып көріп пе едіңіз?
Ч.Д.: Бірінші рет тест тапсырғалы отырмын.
Қандай балл аламын деп үміттеніп отырсыз?
Ч.Д.: Әрине 130 (Давид екі пәннен тест тапсыру барысында 40 балл межеден 31-ін жинады. Бұл балдар оқуға түсу емтиханын тапсырғанда шығармашылық емтихан нәтижесімен қосылады).
Тестке дайындалу барысында сізде біреу көмектесті ме?
Ч.Д.: Ең алдымен ұстаздарым — мұғалімдер, директор, ата-анам. Әрине, бір ғана оқулықпен шектеліп қалмай, анықтамалық кітаптар, энциклопедия да ақтаруға тура келді. Тек «Оқу сауаты» пәніне дайындалған кезде ғана қосымша оқулық іздеген жоқпын.
Тест кезіндегі ең қиын сұрақтарды атап бере аласыз ба?
Ч.Д.: Ең қиын сұрақ деп «Қазақстан тарихы — орта ғасырлар» мен «Математикалық сауаттылық» пәнін айтар едім.
Қай оқуға түсуді жоспарлап отырсыз?
Ч.Д.: Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (КазГАСА). Тек дәл қай факультет екенін әлі шешкен жоқпын. Сәулет өнері ме әлде өнеркәсіптік дизайн ба. Әрине, шығармашылық емтиханға жақсылап дайындалу керек. Талапкерлерлерге сурет салу мен сызуға қатысты талаптар қойылады. Сондай-ақ «Оқу сауаттылығы» мен «Қазақстан тарихынан» жоғары балл болуы керек.
Қолыңыз бос кезде немен айналысқанды ұнатасыз? Сабақтан тыс кезде қандай да бір әуестенетін ісіңіз бар ма?
Ч.Д.: Мен саз бен рэп жазамын. Оны менің әлеуметтік желі парақшамнан тыңдауға болады. Тек бір ғана үндестікте жазбаймын. Мәтіндегі тақырыптар менің
жан-дүниеммен тығыз байланысты. Маған Тупак Шакур, Майкл Джексон шығармашылығы ұнайды. Ал өзімізден — Батырхан Шүкеновті ұнатамын.
Емтихан алдында бір-біріңе айтатын ырымдарың бар ма?
Ч.Д.: Бар, бірақ мен оған сенбеймін.




