ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Халық коалициясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша аудандық қоғамдық штабының мүшелері Арман Сагидоллин және Римма Булатова Теректі ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Қ.Тоқаевтың ұсынып отырған "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін" атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды, үгіт-насихат парақшалары таратылды, тұрғындарды 20 қараша күні сайлауға келуге, үміткер Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды.
#Toqaev2022
