ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРАДЫ
Ақтөбе қаласы елдегі ең ірі теміржол торабының бірі болып табылады. Бұл туралы Мәди Елеусізов оқырманның сұрағына жауап беру барысында айтты.

- Қаламызда республиканың барлық аймақтарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен және Өзбекстанмен байланысқан жеткілікті кеңейтілген теміржол желісі бар. «Пойыздар жаңартыла ма? Теміржол саласы туралы не айтасыз?» деген сауал түсті. Партияның бағдарламасында барлық сала қамтылған. Экономикадан бастап, экологияға дейін қозғалады. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай теміржол қатынастары бойынша жолаушылар мен жүк ағыны ұлғайтылатын болады. Жаңа вагондарды да сатып алады. Жыл сайын 30 жаңа вагон сатып алу арқылы пойыздарды жаңартылады. Пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін заманауи жоғары тиімді көліктік жүйелері енгізіледі,-деді ол.

Сонымен қатар Әлімбек Мұқанов та тікелей эфир барысында бірқатар мәселелерді көтерді. Жастар, спорт, қала қауіпсіздігі сынды өзекті бағыттарды атап өтті.
