Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

-«ТЕМІР-ЖОЛ-СУ» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Облыстық мәслихат депутаттығына және аудан депутаттығына үміткерлер Губашев Нажмеддин, Бимембетова Гүлфайрус Асанқызы, Жанжігітова Мәдина, Дюсалиев Болат және қонысов Руслан«ТЕМІРЖОЛСУ» ЖШС мамандарымен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен және партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын ұжымға таныстырды. Атаулы жиында әсіресе алдағы уақытта «ТЕМІРЖОЛСУ» саласында жасалатын жұмыстар мен өзгертер сөз болды. Бұл өз кезегінде жиналған көпшіліктің көңілінен шығып, алдағы сайлауға қатысатындықтарын жеткізді.

Аудандағы үгіт – насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы – негізінде жүзеге асады. Партияның XX съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!».

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
146

Еще по теме

-«ТЕМІР-ЖОЛ-СУ» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ. - Yvision.kz