ТЕМІР АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Салтанатты шараға өңір басшысы О.С.Оразалиннің өзі қатысып, Темірліктерді жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, мектептің болашақ ұжымы мен білім алушыларына шығармашылық табыс тілеп, робототехника класын толық жабдықтау үшін сертификат табыстады. ⠀ Аудан орталығында соңғы 30 жылдан бері бой көтерген білім ордасының кенттегі 3 ауысымды мектептердің санын азайтуға әсер ететіні сөзсіз. Шара соңында аймақ басшысы Оңдасын Сейілұлы жалпы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өз ризашылығын білдірді.
