Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЕМІР АУДАНЫНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

БҮГІН «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИЯЛЫНДА ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒЫП АЛДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА НАҚТЫ ТАПСЫРМА БЕРІП, ПАРТИЯ ТАРАПЫНАН САЙЛАНҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА ЖҮКТЕЛЕТІН МІНДЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР ЕКЕНДІГІН АЙТТЫ.

Жиынға фракция төрағасы Адаев Ғабит төрағалық етті. Отырыста Темір ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі» "Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы талқыланды. Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Темір ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, Саяси Кеңес бюросына жолдау мәселесі қаралды. Сайлауалды бағдарламаны толықтай қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға бір депутаттан бекітіліп, жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе фракцияның 2021 жылға жұмыс жоспары талқыланып, Саяси Кеңес бюросына келісуге жолдау туралы шешім етті.

2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы негізінде жүктелген міндеттер мен тапсырмаларға байланысты депутаттар пікірлерін білдірді.

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ БЕРДІХАН ӘДІЛХАНОВ:

- «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, маслихат депутаты ретінде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын үнемі бақылап, назарда ұстап отыруды өз міндетім деп санаймын. Біздің басты мақсатымыз халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз ету, осы бағытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты мақсаттар мен істерді алға қойған болатын, біз енді сол мәселелерді жүзеге асыруға кірісеміз.

Аталған бағдарламамен танысып отырмыз, бұл бағдарламада халықтың барлық заман талабына сай талап-тілектері қамтылған. Яғни тұрғындардың кездесуде айтылатын ең негізгі сұрақтары енгізілгенін көріп отырмын - деді фракция мүшесі Гүлзира Қалиева.

Жиында Жол картасы бағдарламасы жобасын ұсынған фракция жетекшісі Адаев Ғабит: біз халық пен билікті байланыстыратын буын ретінде халықтың сенімі мен ақ-адал аманатын арқалап отырмыз. Сондықтан да сайлауалды бағдарламаларымызды жүзеге асыру үшін еліміздің, ауданымыздың әлеуметтік дамуын ілгерілетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жоспарларымызды Жол картасының жобасы арқылы ашық түрде қарауға ұсынып отырмын. Жол картасы енді партия филиалының саяси кеңесі бюросында бекітіледі. Біз, «Nur Otan» депутаттары, барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеміз, -деді.

Айта кету керек, праймериз және үгіт-насихат жұмыстары барысында тұрғындардан жиналған 100 ден астам ұсыныстың 80 пайыздан астамы аймақтық сайлауалды бағдарламаларды бекіту кезінде ескеріліп, нақты жоспар ретінде Жол картасына енді.

0
0
261

Еще по теме

ТЕМІР АУДАНЫНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ - Yvision.kz