Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ДЕБАТ ӨТЕДІ

📷Құрметті достар!

📷Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді.

📷Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның атынан оның сенімді өкілі, Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов қатысады.

📷Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.

📷Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.

📷Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.

📷Үшінші раунд - «Сайлаушылардың сұрақтары». Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады.

📷Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

#Toqaev2022

0
0
149

Еще по теме

ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ДЕБАТ ӨТЕДІ - Yvision.kz