ТЕХНИКА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА СҰРАНЫС АРТУДА
Барлық сала басшылары осы тапсырма аясында жұмыстар жүргізіп, оның орындалуын алдарына міндет етіп қояды. Осы орайда үнемі назарға алынып, жіті көңіл бөлінетін салалардың бірі және негізгісі –білім саласы.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының төраға орынбасары Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесті. Жиын барысында ҚР Президентінің Халыққа жолдауындағы тапсырмалар аясындағы сапалы білімнің қолжетімділігі талқыланды. Кездесу еркін форматта жүргізіліп, колледж басшысы тақырып аясында баяндама оқыды.
Өз сөзінде Гүлзат Үкібайқызы Искакова «Мақсатымыз – студенттерімізді заманауй құрылғылармен жұмыс істеуге үйретіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіпорында бірден жұмыс істеп кете алатын сапалы маман даярлау», – деп атап өтті.
Расында, қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі жұмысы – ұлт болмысының жаңа қағи¬даттарын орнықтыру. Сондай-ақ, ұлт сапа¬сын арттыруға атсалысу. Ел Президенті атап көрсеткендей жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ұлт сапасын арттыру – ұстаздар қауымының әрқашанда басты міндеті болып қала бермек.
