ТЕГІН БІЛІМ, ТЕГІН ЕМ АЛЫП, ХАЛЫҚ МОЙНЫНДАҒЫ НЕСИЕНІ АМНИСТИЯЛАУҒА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Хадқымыз, «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау араз болса - ауыздағы кетеді», дейді.
Яғни, жердің, елдің тұтастығын сақтап, жақсы өмір сүру үшін бірліктің қажет екенін бабаларымыз екі ауыз сөзбен жеткізген.
Жақсы өмір дегеніміз не?!
Қазіргі заман өлшемімен бағаласақ, халыққа мемлекет тарапынан Дания, Финляндия, Голландия, Швейцария мемлекеттеріндегідей жағдай жасалынуы қажет.
Бұл мемлекеттер жер көлемі жағынан әрқайсысы Қазақстанның бір облысындай да болмайды. Оның үстіне, бұл мемлекеттерде Голландиядан басқаларында қазба байлықтары да жоқ.
Яғни, Қазақстан халқына бұл мемлекеттегілерден де жақсы жағадай жасауға мүмкіншілік жеткілікті.
Өкінішке орай, Қазақстан сияқты асты-үсті байлыққа толы мемлекетте халық, Шерхан Мұртаза ағамыздың сөзімен айтқанда, неге алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отыр?!
Мақсаты мемлекет қазынасын талан-таражға салуға бағытталған жемқор билік, халыққа да, мемлекетке де ешқандай жақсылық жасамайтынын 29 жылдық «тәуелсіздік» тәжірибесі көрсетті.
Қалыптасқан жағдайда не істеу керек?!
Ол үшін, біріншіден, мемлекеттен, бюрократиялық биліктің емес, халықтың қамқоры болуды талап ету керек. Бұған мемлекеттің басқару жүйесін демократиландыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.
29 жыл бойы мемлекет байлығын атасынан қалған мұрадай иемденіп келген билік өз еркімен демократиялық жүйеге көше ме? Жоқ.
Мемлекеттің басқару жүйесін демократияландырудың қандай жолдары бар? Олар – революциялық және эволюциялық.
Мемлекеттің саяси жүйесін революциялық жолмен демократияландыру – ол күні өткен саяси жүйені күшпен жойып, билікті озық таптың қолына беру. Яғни, төңкеріс жасау. Төңкеріс жасау арқылы мемлекеттік жүйені ауыстыру, халыққа да, мемлекетке де үлкен ауыртпашылық әкелетінін Украина, Қырғызстан тәжрибелері көрсетті.
Оның үстіне, төңкерістің нәтижесін халықты биліктің қанды уысына айдап салып отырған билікқұмар топтардың жеңіл иемденіп кететінін де, билікке жеткен соң олардың халықты бұрынғы биліктен де артық қанайтынын да Украина, Қырғыстан тәжрибелері көрсетті.
Халық үшін де, мемлекет үшін де ең қауіптісі, жанымыздағы «үлкен досымыз» Ресейге де керегі, Қазақстан халқының арасына іріткі салып, Украинадағындай жерімізді тоз-тоз қылып басып алу. Бұл жағдайда ең үлкен қырғынға ұшырайтын, жерлестеріміз - қазақстандық орыстар болады. Бұл жағдайды әрбір орыс жерлестерімізге түсіндіріп, олардың Ресей тарапынан болуы мүмкін арандатушылық, бірінші кезекте олардың өзіне қауіпті екенін түсіндіру қажет.
Өкінішке орай, өз мақсатына жету үшін қазақстандық орыстар түгел қырылып қалса да Ресей басшысы В.Путиннің басы ауырмайды. Оның мақсаты, қазақстандық орыстарды желеу қылып Қазақстан жерін Ресейге қосу. Оның дәлелі, жақында Ресей конституциясына кіргізілген өзгерсітер бойынша мемлекеттік думаның келісімінсіз Путин көрші мемлекеттердің жерін басып алуға мүмкіндік алды.
Эволюциялық жолмен мемлекеттің басқару жүйесін дамыту, яғни мемлекеттің ескірген басқару жүйесін, сапалы, демократиялық жүйеге біртіндеп алмастыру, халық үшін де, мемлекет үшін де тиімді.
Мемлекет байлығын емін-еркін иемденіп алған бүгінгі билік, халық жағдайын жақсарту үшін өз еркімен ешқандай өзгеріс жасамайтынын және биліктен өз еріктерімен кетпейтінін уақыт көрсетті.
Эволюциялық жолмен мемлекеттің басқару жүйесін өзгертуге қол жеткізудің бір-ақ жолы бар. Ол – «Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы ұсынып отырған жобаны іске асыру (мына сілтемеде көрсетілген https://yvision.kz/post/859433).
Яғни, Қазақстанның басқару жүйесін деморктияландыру үшін, барлық демократиялық ұйымдардың өкілдерінің, қоғамдық белсенділердің қатысуын қаматамассыз ететін Ұлттық комиссия құрылғанда ғана эволюциялық жолмен әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңа деңгейге жеткізіп, мемлекет байлығын халық игілігіне жұмсауға қол жеткізуге болады. Сонда ғана тегін білім, тегін ем, халық мойнындағы несиені амнистиялауға қол жеткізуге болады.
Неге Ұлттық комиссия?!
Президенттік басқару жүйесі қандай жағдайға жеткізетінін 29 жылдық тәжрибе көрсетті. Украина, Қырғыстан тәжрибелері де Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттерде президенттік басқару жүйесінің халықты жікке бөліп, мемлекетті әлсіретіп, халықты жағдайын бейшара күйге жеткізетінін көрсетті.
Парламенттік басқару жүйесін құру үшін уақыт қажет.
Оның үстіне, ойлағандары тек қана мемлекет қаржысын талан-таражға салуға бағытталған биліккқұмар жүйенің "өкілдерін" билікке жібермей, халық жағдайын, мемлекеттің даму бағытын анықтау үшін бүкіл демократиляқ топтардың үлес қосуына мүмкіндік беретін алаң қажет.
Қалыптасқан жағдайда бұндай мүмкіндікті Ұлттық комиссия қамтамассыз ете алады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз еркімен «Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысының бастамасын қолдап, Ұлттық комиссия құрмаған жағдайда, халық төңкеріс жасайды. Себебі, қара жамылып отырған халық қасіретін аяққа таптап, отшашу жасап, тірі адамға мүсін қойып, туған күн тойлау, халық ызасын шегіне жеткізді.
Бұл ұсынысты қабылдауға Тоқаевтың аз ғана уақыты бар (карантин уақыты).
Тоқаев бұл мүмкіндікті өткізіп алса, Украинаның және Қырғызстанның халық қаһарына ұшыраған президенттері В.Янукович, А.Ақаевтардың күні басына түсетіні сөзсіз.
Президент Тоқаев жоғарыдағы ұсыныстарды қабылдамай, халық төңкеріске шыққан жағдайда қантөгістің алдын алу үшін не істеу керек?
1.Халқымыз, «Ақын да, батыр да анадан туады», дейді.
Халық тыныштығын қорғауға арнайы дайындықтан өткен күштік құрылымдардың (полиция, ҰҚК, т.б.) сарбаздары, бейбіт шеруге шыққан халықты айтпағанда, ақ сақалды аталарды, ақ жаулықты әжелерді, жүкті аналарды сүйреп, қамауға алуы, ешқандай ақылға симайтын жағдай. Ертең бұл «сарбаздар» өз ұрпақтарының көзіне қалай қарайды?
Оның үстіне, бұл «сарбаздардың еңбегін» билік қалай бағалайтынын зейнеткерлікке шыққан Ақтау сарбаздарын тұрғын үйлерінен қуып шыққан уақиға анық көрсетті.
Яғни, зейнеткерлікке шыққан немесе билік мақсатын «қорғау» жолында құрбан болған жағдайда, бұл сарбаздардың аналары, жұбайлары, қарындастары және қыздары, өздері қыс ортасында министрліктер үйі алдынан күшпен қуған көп балалы аналар қатарына қосылатыны сөзсіз.
Биліктің қолшоқпары болып жүрген сарбаздар да аспаннан түскен жоқ, анадан туған. Бірінші кезекте осы сарбаздармен жұмыс істеп, оларды, халық жағына шығып, ортақ мақсатқа үлес қосуға шақыру керек. Олар да күнделікті көріп жүрген біреудің баласы, біреудің жұбайы, біреудің ағасы, біреудің інісі.
Халық шеруге шаққан жағдайда, бұл сарбаздар халықты билік тарапынан көрсетілетін әділетсіз күш қолданудан қорғауға міндетті. Сондықтан оларды халық жағына шығуға шақыру қажет.
2.Демократиялық талаптармен митинтерге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін, «Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы өз тарапынан Қазақстандағы демократиялық мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдарға митингтердің бейбіт өтуін қадағалауға алуға үндеу тапсырады.
3.Мемлекеттік күштік құрылымдар тарапынан арандатушылық, заңсыз күш қолдану болған жағдайда, оларды әшкерелеп, жауапқа тарту мақсатында, өтіп жатқан митингтер отандық және халықаралық БАҚ бақылауында болады.
«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы
11.07.2020 ж.
«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысына қосылыңыздар!
