TEDx ФОРМАТЫНДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН СПИКЕРЛЕР ПУЛЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ
Бүгін, жас мемлекеттік қызметкерлер және белсенді жастар арасында ТЕDх форматында Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаевпен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Асқар Жұмаханұлы Садықовпен кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.
Осы кездесуде спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушы өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қағидалары туралы, адалдықтың маңыздылығы туралы, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын айтып берді.
Кездесу кешенді жоспар негізінде ұйымдастырылады. Кешенді жоспардың мақсаты сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау ортасын қалыптастыру болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер көрсетілді.
