Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

TEDx ФОРМАТЫНДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін  жас мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында ТЕDх форматында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаевпен және Алматы облысы «Жетісу» газетінің бас редакторы, Алматы облысы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, журналист, ақын, Қазақстан жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Әміре Әрінмен кездесу өтті.

Кездесуде елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.

Кездесу Агенттіктің кешенді жоспары негізінде ұйымдастырылды. Кешенді жоспардың мақсаты қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерлету болып табылады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер көрсетілді.

0
0
193

Еще по теме

TEDx ФОРМАТЫНДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz