ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖАЙСАЙМЫЗ
ҮМІТКЕР ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ БАЯНДАП, САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҰСЫНЫС САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына "Nur Otan" партиясынан үміткер Бану Тлегенова тікелей эфирде аудан тұрғындарымен жүздесіп, "Nur Otan" партиясының Мәртөк ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, тұрғындардың ұсыныс сауалдарына жауап берді. Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары өз жұмыстарын күшейтіп, аға ұрпақты, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымдарын жандандыруға бағытталатын болады – деді үміткер.
