Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРАМЫЗ

Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлу мақсатында «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған. «Nur Otan» партиясы тең мүмкіндіктер құру үшін: мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 80%-ға дейін арттыруға; «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 2020 жылы 475 адамды оқыту, 2025 жылға дейін 2250 адамды оқытуға; 2025 жылға дейін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қысқа мерзімді кәсіптік оқумен «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған 750-ге жуық азаматтарға мемлекеттік гранттар алуына жағдай жасауға; ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көліктік ортамен қамтамасыз ету мақсатында темір жол вокзалы мен автовокзал және 3 автобекеттің ғимараттарында пандустар орнатылып, мүгедектерге арналған арнайы бөлмелер ашуға; әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал ететін болатынын айтты.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
134

Еще по теме