ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Кедесуде партиялықтар, Сарыағаш ауданы бойынша «Nur otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 3-бағыты: әлеуметтік бағдарланған аудан. Аталмыш бағыты, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.
Аудан тұрғындарына тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы: мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 80%-ға дейін арттыруға; «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 2020 жылы 475 адамды оқыту, 2025 жылға дейін 2250 адамды оқытуға; 2025 жылға дейін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қысқа мерзімді кәсіптік оқумен «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған 750-ге жуық азаматтарға мемлекеттік гранттар алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге); ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көліктік ортамен қамтамасыз ету мақсатында темір жол вокзалы мен автовокзал және 3 автобекеттің ғимараттарында пандустар орнатылып, мүгедектерге арналған арнайы бөлмелер ашуға; әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді; Халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде «Қамқорлық» бағдарламасы мен «Біз біргеміз» акциясы арқылы халықтың осал топтарына демеушілер есебінен азық-түлікпен, қажетті тұрмыстық жабдықтармен көмектесуді жалғастырады. Нәтижесінде егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүруі жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 80% қамтылады.
Жиын соңында мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі
