ТЕҢІЗ КҮШТЕРІНІҢ КАДРЛАРЫ ҚАЙДА ӘЗІРЛЕНЕДІ?
Оралда жүргенде дәл 7-мамыр күні мына корабль суға жіберілген. Қазақстанда ұлтарақ басылмайды деушілерге: бұл - «Зенит» зауытында жасалған 21-ші корабль).

Кеменің аты - «Сарыарқа». Жаңа кеме Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған деді. Ұзындығы - 42, ені - 8 метрге жуық әскери кеме жылдамдығын 30 узелге дейін жеткізе алады. Экипажы 23 адамнан тұрады.
Кеме Каспий жағалауындағы әскери-теңіз күштеріне берілді. Былтыр да дәл осындай кеменің (Қазақстанда жасалған) біреуін алған теңізшілермен аз-маз тілдесіп қайттым. Алдағы уақытта осы саладағы барлық жаңалықтарды қамтитын сұхбат ұсынатын боламын.
Каспий теңізі – саяси-экономикалық мүдделер мен даулы мәселелердің тоғысқан жері. Сондықтан оның қазақстандық секторында еліміздің мемлекеттік шекарасын, аумақтық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қорғау негізгі міндет. Бұл біздің әскери-теңіз күштерімізге тапсырылған.

ТЕҢІЗ КҮШТЕРІНІҢ КАДРЛАРЫ ҚАЙДА ӘЗІРЛЕНЕДІ?

Әскери билетім болмағанымен осы салаға қызығатыным бар. Жыл сайынғы әскери шеруді үзбей теледидардан қарап жүрмін. Себебі алаңнан тамашалаған қызық емес) Әскери теңіз күштерін осы шеруде ғана көретінмін. Ақтауға бару туралы өтінішім тиісті мекемеден қолдау тапқан соң жақында барып қайттым. Сұрақтарыма жауапты Ақтау гарнизоны басшысының орынбасары Мұрат Әбіровтен алдым.
Біздің әскери-теңіз қызметінің офицерлер кадрларын тек қана Ресейде дайындайды деп еститінмін. Алайда, баланс сақталады екен. Бұл саланың мамандары Түркияда да оқытылады екен. Өз елімізден де мықты кадрлар аз шыққан жоқ, деді М. Әбіров.
Қандай елдермен байланыс бар деп ойлайсыз? Тек Ресей Федерациясы мен Беларусь қана емес, Украина, Түркия, Пәкістан, тіпті Америка Құрама Штаттарымен де өзара қарым-қатынас қалыптасқан екен. Олармен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өткізіліп тұрады. Ал Қазақстан салыстырмалы түрде алғанда - Каспий жағалауындағы әскери жаттығуларды ұйымдастыру мен қатысуда ең белсенді ел.
Бір қуанарлығы әскери теңіз күштерінде қызмет етіп жатқан мықты кадрлардың 85-90 пайызы - күші тасыған жастар.
Мұрат Әбіровтың мына бір сөзін жеткізгім келеді.
«Әскери-теңіз базасы 2010 жылғы 19-тамызында құрылған. Содан бері 4 жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 2010 жылы ӘТК юазасына берілген ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа үлгідегі материалдық жабдықтармен, техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Ескі кемелер отандық «Зенит» зауытынан шығарылатын жаңа зымыранды-артиллериялық кемелермен алмастырылған».
Базасы шынымен де адам қызығарлықтай. Тек суретке түсіруге мүмкіндік болмады... Рұқсат берілмеді.

P.S. Мемлекеттік рәміздер күнгі суреттер
