ТЕҢГЕ АУЫЛЫНДАҒЫ «АНАҒА ТАҒЗЫМ» АЛЛЕЯСЫНЫҢ АВТОТҰРАҒЫНА АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛДІ
Жаңаөзен қаласына іргелес орналасқан Теңге ауылындағы «Анаға тағзым» аллеясының автотұрағына асфальт жабындысы төселді. Бұл туралы Теңге ауылы әкімінің орынбасары Бауыржан Тоқбанов мәлім етті.
Оның айтуынша, 2019 жылы Теңге ауылының құрылғанына 55 жыл толуына орай, жергілікті кәсіпкерлер ауыл халқының мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында аллея салуды қолға алды. Айта кетейік, жаңа демалыс орны ауылдың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Жалпы ауданы 9570 м2.
«Аллеяға «Анаға тағзым» атауы беріліп, балалар ойын алаңшасы мен ескерткіші орнатылды. «Ақтау+НШ» ЖШС мердігерлігі автотұраққа 600 м2 асфальт жабындысы төседі», - деді Бауыржан Тоқбанов.
Сондай-ақ, аллея айналасы заманауи диодты шамдармен жарықтандырылды.
