Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫ

📷ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫ

📷11 желтоқсан жергілікті жұмысшы жастардың жексенбілік таңы ерекше басталды. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Ұлытау облыстық филиалының мұрындық болуымен Спортты дамыту орталығында облыс бойынша жастар арасында шағын футболдан «AMANAT CUP» турнирі өтті. 📷Турнирдың басты мақсаты - жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау.

📷Жарысқа физикалық дайындығы бар кез-келген 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты. лардың ішінде Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Кеңгір және Жезді ауылдарының белсенді жастары болды. Олардың ішінде студенттер де, әртүрлі салада қызметтегі ересектер де бар.

Жезқазған қалалық мәслихат депутаты Амангелді Әлімжан және «Жастар Рухы» ЖҚ Ұлытау облыстық филиалының төрайымы Нұргүл Талғатбекова турнирды салтанатты түрде ашып, футболшыларға сәттілік тіледі.

📷Шамамен тоғыз сағатқа созылған турнир өте тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша кіл мықтылар жеңіске жетті. Барлығы 16 команда қатысқан теңбіл доп жарысында І орынды физикалық дайындығымен ерекшеленген Жезқазған байыту фабрикасының "ЖОФ" командасы жеңіп алды. Одан кейін ІІ орынды теміржолшылардың намысын қорғаған "ТРАНКО" командасы қанжығаласа, жүлделі ІІІ орынды "ULAR" командасының әуесқой футболшылары қанағат тұтты. "ТРАНКО" сапындағы Сыздык Кайсар өзінің тактикасымен ерекшеленіп, "Үздік шабуылшы" атанды. Ал "БАСТАУ" командасынан шыққан Өтегенов Дархан "Үздік ойыншы" номинациясына ие болса, "ULAR" командасының қақпасын күзеткен Майлыбаев Мейрамбек "Үздік қақпашы" деген атақты иеленді.

📷Турнирдың марапаттау рәсімінде "AMANAT" партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Қайрат Балмағамбетов құттықтап, жеңімпаздарға ақжарма тілегін жеткізді.

Асхат Оралов

Нұржан Жетпісбаев

Nurgul Talgatbekova

0
0
324

Еще по теме

ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫ - Yvision.kz