«Таза сессия» акциясы басталды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесімен бірлесіп, барлық жоғарғы оқу орындарында «Таза сессия» акциясын өткізуде.
Акция барысында Департамент өкілдері мен «Жас Отан» жастар қанаты бөлімшесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық бойынша қатысушылардың ойын білу, жемқорлық әрекеттеріне қатысты ақпараттарды анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізді.
