«Таза сессия» акциясы
Колледждің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Сейдакованың басшылығымен және «Sanaly urpag» клубы мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан шара барысында оқытушылармен және студенттермен таза сессия өткізуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, акция барысында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа жасырын сауалнама жүргізілді.
