ТАЙҒАРА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ
"AMANAT" партиясының мобильді қабылдауы аясында "AMANAT" партиясының Бөкей ордасы ауданының филиалының фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты, БҚО Кәсіпкерлер палатасының Бөкей Ордасы аудан филиалының директоры Б.М.Джумагулова Мұратсай ауылының әкімі М.Ғиылмановпен бірге Тайғара елді мекеніне барып ауыл тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері: қайтарымсыз грант пен кәсіп ашуға несие алудың жолдары, үй құжаттарын рәсімдеу,жер мәселелері, мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу бағыттарында сұрақтар қойды . Қабылдауға келген тұлғалар ауыл тұрғындарының топтық та, жекелей қойған сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
