Перейти к содержимому

«Тауқымет жаңғырығы» кітап көрмесі | Книжная выставка «Тауқымет жаңғырығы»

«Тауқымет жаңғырығы» кітап көрмесі
26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне арналған есте қаларлық күніне орай кітапхана пайдаланушылары үшін «Тауқымет жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Оқырмандарды кітапхананың Семей ядролық полигоны туралы кітап қорымен таныстыру.
«Ядролық әлемге бастаған Қазақстан жолы» атты бұл көрменің бірінші бөлімі кеңестік атом бомбасын жасауға, алғашқы ядролық сынаққа және оның зардаптарын көрсетуге арналды. «Қасірет пен тағдырдың» екінші бөлімінде республика аумағындағы «Невада-Семей» ядролық полигонының жабылуы туралы кітаптар, фотосуреттер, баспасөз мақалалары берілген.
Көрмеде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі», «Бейбітшілік эпицентрі», жазушы М.Сәрсекеевтің орыс және қазақ тілдеріндегі «Семей трагедиясы» және «Семей қасіреті», Қ.Бозтаевтың полигон туралы, Р.Сейсенбаевтың «Семей полигондары», «Дүние күйреген күн» т.б. кітаптары қойылды.
____
Книжная выставка «Тауқымет жаңғырығы»
К памятной дате посвященной Дню закрытия Семипалатинского ядерного полигона с 26 августа по 2 сентября для пользователей библиотеки организована книжная выставка «Тауқымет жаңғырығы».
Цель выставки: познакомить читателей с книжным фондом библиотеки о Семипалатинском ядерном полигоне.
Первая часть данной выставки «Ядролық әлемге бастаған Қазақстан жолы» была посвящена созданию советской атомной бомбы, первому ядерному испытанию и демонстрации его последствий. Вторая часть «Қасірет пен тағдыр» представлены книги, фотографии, статьи в прессе о закрытии атомного полигона на территории республики, «Невада –Семей».
На выставке представлены книги Первого Президента РК, Елбасы Н.Назарбаева «Бейбітшілік кіндігі», «Эпицентр мира», писателя М. Сарсекеева на русском и казахском языке «Семипалатинская трагедия» и «Семей қасіреті», книги К. Бозтаева о полигоне, «Семей полигоны» Р. Сейсенбаева «День, когда рухнул мир» и др.

0
0
691

Еще по теме