Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Тау ауылында

Тау ауылында ақпараттық-насихат тобының мүшелері «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Асқат Молдағалиев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ляззат Садирова,аудандық мәслихат депутаты Салатнанат Кенжалиева және штаб мүшелері ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы "Тау" БПҰ мүшелерімен кездесті. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді. #AMANAT #РЕФЕРЕНДУМ

0
0
194

Еще по теме

Тау ауылында - Yvision.kz