ТАСҚАЛА: ЕЛБАСЫНЫҢ «АЛҒЫС ХАТЫ» ТАБЫСТАЛДЫ
«Nur Otan» партиясы Тасқала ауданында филиалында салтанатты шара өтті. Шара барысында ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан партиялықтар Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Жиынды «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева ашып, Сайлау науқанының жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, мойнына алған міндеттерін толықтай орындау үшін бар күш жігерін салады. Бағдарлама жүзеге асқан уақытта сүйікті ауданымыздың бәсекеге қабілеттігі артып, тұрғындарға бұрынғыдан да қолайлы жағдайлар жасалады», – деп атап өтті.
Жалпы 2021 жылдың 10 қантарында өткен сайлауда Тасқала ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы - 76% дауыс жинаған.
#NurOtan
