ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМНАН ЖАСТАРҒА БІР ҮЗІК ОЙ
Бүгін, ағымдағы жылдың 30 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, өңірдің белсенді жастарымен кездесті.
Кездесу барысында, белгілі тарихшы, қоғам белсендісі – Жаңабек Жаңабайұлы өзінің сөзін жалғай отырып:
- Өткенді білмей, қазірге сену қиындау. Сондықтан, бүгінгі атаулы мерекені сезіну үшін де, Елбасының осы уақытқа дейінгі жасаған сындарлы саясатына тарихи фактілермен тоқталып өткенімді, қазіргі ұрпақпен бөлісе кеткенімді жөн санадым.

Елбасының мықты көшбасшы, білікті саясаткер екендігінің бір көрінісі – астанамыздың өте сауатты, әрі оңтайлы таңдалуы деп білемін, екіншісі – қазақ хандарының жолымен жалғап келген жарғы-заңдарының қуаттылығы. Елімізде мемлекет құраушы ұлт санының табиғи өсімімен бірге ұлттық идеология мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігіне айналды. Соның айқын дәлеліндей, Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы екендігіне тоқталды. Тарихқа сәл шегініс жасасақ, еліміз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылы республикамыздағы жалпы халық санының 40 пайызына әрең иек артқан жер иесі қазақ халқының бүгінде 75 пайызға жақындауы - түсінген жанға көп мән-жайдың айғағы – деп қорытындылады.
Кездесуге қатысушы жастар өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерін жеткізіп, кездесу барысында құнды тарихи мағлұматтармен бөліскен ұстаз, тарихшы Жаңабек Жақсығаливке алғыстарын жеткізді.
