Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Тарихи Арбат

11 тамыз күні Ертіс ауданы ішкі саясат бөлімнің «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі «Арбат 2016» шығармашыл жастар көрмесін өткізді. Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет» осы сөздерді негізге алған Ертіс ауданның жастары тарихи көрмесі бар Арбат мерекесін  ұйымдастырды. Көрмеге аудандық, ауылдық округтерден жастар қатысып, өнерлерін көрсетті. Ертіс ауданының жұршылығы қазақтың салт-дәстүрінің куәгерлері болды. «Беташар», «Бесікке салу» салт-дәстүрден үзінді көрсетілсе,  «Асық» ұлттық ойынының шарттарымен таныстырып, жиналған жұршылықпен ойын ойнатылды.

 

Одан басқа алаңда жастар күніне орай мерекелік концерт өткізілді. Концертті Ертіс ауданының әкімі В.В. Дубовицкий жастарды мерекелерімен құттықтау сөзімен бастады. Алдағы уақытта ауданның гүлденуіне жастарға зор үміт артатының жеткізді. Концерттен соң  «Этно-ауыл» көрмесінің куәгері болдық. Бұл көрмеде қазақтың ұлттық тағамдары, салт-дәстүрі, кимдері киіз үйдің ішінде жайғастырылған. Жиналған жұршылық тек тарихымызбен танысып қоймай, ұлттық астан дәм татты.

0
0
752

Еще по теме

Тарихи Арбат - Yvision.kz