Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағыттары негіз етіп айқындалған.

Атап айтар болсақ, «Экономикалық тұрақты аймақ», «Ыңғайлы аймақ», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ», «Жастарға арналған аймақ», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аймақ».

Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер партияның басты басымдығы ретінде айқындалып отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.

Бүгінгі жазбамыз «Тарих пен мәдениетті дамыту» басымдығына арналып отыр.

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.

«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 12 ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. 6 этномәдени орталық қызмет етеді. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- Кентау өңірінің көрнекті тумаларын (С.Қожанов, А.Әшімов, Ә.Сығай, Ө.Пайзиев, С.Бәйтереков, Р.Сейітметов, С.Мәуленқұлов, т.б.) насихаттауға;

- қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедициясын жүргізу, қала мен ауылдардың қасиетті жерлерін көгалдандыру, кәсіпкерлер көмегімен сервистік қызметтерді дамытуға (Қаратау қорығы, Укаш ата, Сауран қалашығы, мұражай алаңдары және т.б.);

- «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуге;

- ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізуге;

- Қарнақ ауылында мәдениет үйін салуға;

- Кентауға қарасты ауылдық округтердегі мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарды жоспарлы түрде күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ықпал етеді.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.

0
0
142

Еще по теме

ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ - Yvision.kz