Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Н.Тайжанов Керейт ауылы тұрғындарымен агитациялық кездесуін өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Түлкібас ауданында 29-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде,оның80,8%-ы қазақ, 4,6%-ы өзбек, 5,1%-ы орысжәне9,4%-ы басқа ұлт өкілдері.

Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы2025 жылға қарай келесідей міндеттерді қояды:

 партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу. Отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу;

 ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру;

 «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясындааналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;

 ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының жұмысын жалғастыру;

 бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау;

 аудан аумағында орналасқан тарихи, киелі орындарды дәріптеуге;

 ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және мәдени кодын сақтауға,оның ішінде такырыптық 300 іс-шаралар өткізуге;

 азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал ету.

Қабылданған шаралар бірліктің, саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан әрі дамуына ықпал етеді. Аудан тұрғындары ауданның қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асатын болады деді.

0
0
251

Еще по теме

ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ - Yvision.kz