ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТ ДАМИ ТҮСПЕК
Бүгін кезекті "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында тікелей эфирге аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Асилбеков Нұрғиса Қалыбекұлы шықты. Сайлауалды бағдарламаның ішіндегі жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, әлеуметтік бағдарланған аудан оның ішінде білім саласын арттыру мәселелеріне тоқталып өтті.
Білім беру сапасын арттырамыз
Барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жеткізу – аймақтың әрі қарай дамуының маңызды шарты болып табылады.
Ауданда 60 мектеп, 72 мектепке дейінгі мекемелер бар. Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу көрсеткіші 100,0% құрады. Ауданда үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. Сондықтан оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады.
Білім сапасын одан әрі арттыру үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді қояды:
2021 жылы Еңбекші ауылынан 200 орындықты Н.Тұрсынбеков атындағы мектеп пен Т.Рысқұлов ауылындағы өнер мектебінің жаңа ғимаратының құрылысын жүргізуге;
2022-2025 жылдары Жаскешу ауылынан 300 орындықты, Бахыбек ауылынан 300 орындықты және Жабағылы ауылынан 200 орыны балаларға, ал 100 орыны жарым-жан балаларға арналған 300 орындықты тәуліктік мамандандырылған шипажайлық жаздық лагерь құрылысын салуға;
Т.Рысқұлов ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы, Титов және Байтұрсынов атындағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге, Азаттық ауылындағы Ә.Науаи, Ғұбайдуллин, Дауан және Титов мектептеріне қосымша 150 орындық ғимарат құрылысының жалпы сметалық құнын (ЖСҚ) дайындауға;
білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын (компьютерлер санын 9+1, 2020 жылға бейнебақылау орнатуға 42225,0 мың теңге, оқушы жиһазы, жаңа модификациялы кабинеттер, көркем және оқу-танымдық әдебиет) нығайтуға, жоғары жылдамдықтағы интернет желісін қосуға;
1638 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуге (мектеп жасындағы оқушыларға киім, аяқ киім, ыстық тамақпен және тасымалмен қамтамасыз ету);
аудандағы мектептерді пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) кезең-кезеңімен жабдықталуына;
2025 жылға дейін 1200 мұғалімді біліктілік арттыру курстарында (2021 жылы – 310, 2022 жылы – 280, 2023 жылы – 240, 2024 жылы – 210, 2025 жылы – 160 мұғалім) кезең-кезеңімен оқытуға;
қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 3424 дана, яғни 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге;
аудан көлемінде 4560 отбасы интернет желісіне қосылмаған, интернет желісіне қосылу үшін АО «Қазақтелеком» «Тrans Telecom» TOO Nano Tech Service диллерлік компанияларымен келісімшарт жасап, интернет тапшылығын жою жұмыстарын жүргізу ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 12%-ға артады.
Тең мүмкіндіктер құрамыз
Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.
Аудан бойынша паспортталған 218 мекеменің 165 (яғни 75,7%) ғимаратында пандус орнатылған. Жыл соңына дейін пандус орнатуды 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде, қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;
балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 70%-ға дейін арттыруға;
2025 жылға 12 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға ықпал етеді.
Нәтижесінде егде жастағы және ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сүруі жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, балаларды инклюзивті біліммен қамту 70%-ға артады.
Халықтың әлеуметтік жағдайын арттырамыз
Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету – денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;
демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;
«Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартуға;
әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 28,6%-ға төмендейді.
Жастарға арналған аудан.
Жастар – мемлекеттің болашағы. Түлкібас ауданында 27 мыңнан астам жастар тұрады.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 50 білікті жас мамандарды тарту (әлеуметтік қолдау арқылы: баспана, көтерме жәрдемақы);
«Жас кәсіпкер» бизнес бастамасын қолдау және жастарға өз бизнестерін ашуға жәрдемдесу, жыл сайын кемінде 55 грант беру;
барлық ауылдық округтерде волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына ықпал ету.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық 3,3%-ға дейін төмендейді.
Мәдениеті мен тарихы бай аудан
Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Түлкібас ауданында 29-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде, оның 80,8%-ы қазақ, 4,6%-ы өзбек, 5,1%-ы орыс және 9,4%-ы басқа ұлт өкілдері.
Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай келесідей міндеттерді қояды:
партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу. Отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу;
ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру;
«Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;
ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының жұмысын жалғастыру;
бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау;
аудан аумағында орналасқан тарихи, киелі орындарды дәріптеуге;
ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және мәдени кодын сақтауға, оның ішінде такырыптық 300 іс-шаралар өткізуге;
азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал ету.
Қабылданған шаралар бірліктің, саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан әрі дамуына ықпал етеді. Аудан тұрғындары ауданның қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Осы көрсетілген мәселелер тікелей эфирде қамтылды.
