Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Тарих

Тарихта Қаскөлең деген батыр өткен. Оны батыр атынан садаға дейді ел. Тіпті оны ел болып қарғайды. Өйткені ол қалмақтың анасының ізіне еріп келген баласы болатын. Елді сатып беріп, қазақтың бірқатар билері мен шешендерін, батырларын жалпы марқасқа азаматтарын улап өлтірген болатын.

Осы оқиғадан соң екі ел арасындағы соғыс басталып, әскер шеп құрады. Сонда қазақтар жағынан Наурызбай шығады. Ана жақтан Қаскөлең шығады. Қарғыс атқыр Қаскөлең Наурызбайдың шыққанын білгенде атының басын бұрып кері қайтқысы келеді. Бірақ жау оны кері қайтармайды. Оны білген антұрған сатқын Наурызбайға ашулана қарай шабады. Сероікжан мен Ермектің айтып жүрген қазағы емес пе, сол келгенімен Наурызбайдың найзаның ұшына ілініп қалады. Сонда, әкесі құлынымдап зарлайды. Ал, мына жақтағы қазақтар өздерін жаман кейіпте көрсетіп, жамандаған Қаскөлеңді қарғағанда аспан күңіреніп кетті дейді. Сол Қаскөлеңнің бауырларын да, тіпті елін де қарғыс атты емес пе?

Ол қазақ деген дуалы ауызды елдің қарғысы еді. Сондықтан қазақты жамандап жүрген бауырларыма айтарым қарғысқа ұшырып, ұрпақтарыңа қауіп төндірмеңдер. Оданда кешірім сұраңдар.

       
0
0
340

Еще по теме

Тарих - Yvision.kz