ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬЕР БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
«Zeken Moda» брендінің негізін қалаушы Қайролла Әбішев – қазақ стилін (көшпенділер) киімдер арқылы танымал етумен айналысатын дизайнер. Оның бірегей жұмыстары әлемнің жетекші подиумдарында ұсынылып, жетістікке ие болды. Сонымен қатар, ол қайырымдылықпен де айналысады: бұл балалар үйлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, «ДОС» Тәуелсіз өмір» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне көмек.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Дельфий комитетінің бастамасымен ерекше актерлер театры құрылды. Танымал дизайнер Қайролла Әбішев театр үшін эскиздер жасап, сахналық костюмдер тіккен болатын. Оның құрамына есту қабілеті бұзылған және Даун синдромы бар 14-28 жас аралығындағы 50 бала кірді. Көптеген жылдар бойы Қайролла Әбішев Дельфий комитетінде қазылар алқасының төрағасы болып табылады және комитет шеңберінде өткізілетін әлеуметтік жобаларды қуана қолдайды.

Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылығының бірінші республикалық «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» фестивалінің қазылар алқасына төрағалық еткенде, «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Рудный арнайы мектеп-интернаты КММ» түлегі Тимур Рушқа назар аударып, одан нағыз модельер өсетініне уәде берді. Дизайнер жас дарынды елордада тегін оқытуға грант алуға қолдау көрсетті.
COVID-19 пандемиясы кезінде «Zeken Moda» компаниясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша қорғаныс маскаларын тігумен айналысты. Карантин кезінде 300 мыңнан астам дана шығарылды.
«Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылады.
Біз әлеуметтік желілерде:
Facebook: https://www.facebook.com/amal2020kz/
Instagram: https://www.instagram.com/amal2020kz/
Vkontakte: https://vk.com/amal2020kz
Telegram: https://t.me/amal2020kz
#cisc2020 #qogamgov #amal #amal2020 #amal2020kz #amalkz #amalkazakhstan
