Талдықорғанда тұрғын әйел лыпасын ұрлап, дүкенді өртеп кеткен
Талдықорғанда көпбалалы ананың дүкені тоналып, бұл аздай оған бес жерден от қойылған.

Дүкен ашып, өз күнін өзі көріп отырған талдықорғандық Әйгерім Жұматаеваның кәсібі бір күнде ойран болды. Оның төрт баласы бар. Екі аптадан соң тағы біреуін босанайын деп отыр екен.
«16 ақпанда Марат есімді азамат дүкеннің жоғары жағында тұрған терезесінен кіріп, кассадан ақша алып, балаларымның аузынан жырып алған заттарымды ұрлап кетті», – дейді Әйгерім.
Неге екенін, әлгі адам әйел лыпаларын да алып кетіпті.
Енді көпбалалы ана полиция істі дұрыс қарамай жатқанын айтады.
«Шиетттей балаларымның нәпақасын айырып отырған кәсібімді осылай ойран еткен азаматқа қатысты істің тез әрі қатаң жүргізілуін сұраймын», – дейді ол Instagram-дағы halyk_zhurnalist.kz аккаунтында жарияланған видеода.