Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАЛДЫҚОРҒАН АКЦИОНЕРЛІК ЭЛЕКТРЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Асқар Садықов және басқарма басшының орынбасары Тимур Кожбанов Талдықорған акционерлік электржүйелерін тасымалдау компаниясының ұжымымен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болып табылады, сондай-ақ елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, жиын кезінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде 1424 Сall-орталық жұмыс істейтіндігін, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылатындығы жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер мен слайдттар көрсетілді.

0
0
298

Еще по теме

ТАЛДЫҚОРҒАН АКЦИОНЕРЛІК ЭЛЕКТРЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz