ТАЛАПТЫЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы сәттерінен бастап елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып келе жатқан «Nur Otan» партиясынан аудан тұрғындарының күтер үміті көп. Себебі саяси додаға үміткерлерін үкілеп қосқан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгін партия тарапынан Отырар аудандық мәслихатының депутаттығына ұсынылған үміткер А.Құрман Талапты ауыл округіне қарасты Көкмардан, Шытты елдімекендерінің тұрғындарымен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаудағы дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.
Елдегі карантиндік ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен кездесуде тұрғындар тарапынан білім, ауыз су, жол, кәсіпкерлік салалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Алдағы саяси додада «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
