Таланттылар топ жарды
2020 жыл қазақ елі үшін дана тұлғамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы екені баршамызға мәлім болар. Соған орай ақпан айының 12 жұлдызында "Тұран" университетінде "ABAY BATTLE 21ST CENTURY" атты студенттер арасында байқау ұйымдастырылған болатын. Аталған іс-шараға "Қайнар", UIB, Тұран және де Алматы технологиялық университеттерінің таланттары өз өнерлерін көпшілікке тарту еткен болатын. Атап өтсек, байқауда "Жас Абай" рөлін сомдаған Сахыбек Бақдаулет, "Өрнегін сендей сала алмас..." киім дизайны бойынша Асылғазы Сымбат, сонымен қатар " Табиғат өлмес..." тақырыбында табиғат бейнесін өз қиялымен ұштастырып, қағаз бетіне түсірген Демеубекова Динара сынды университетіміздің бетке ұстар студенттері топ арасынан суырылып шығып, аталған үш номинация бойынша жүлделі 1-орындарды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, топ мүшелері Қаленова Әсел, Өтесін Әділет, Асанова Наилям алғыс хаттармен марапатталды. Осыған орай, біз университетіміздің ректоры Құлажанов Талғат Құралбекұлына, Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн факультетіне, атап өтсек факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймаханова Мөлдір Бекенқызына, университетіміздің мәдениет басқармасының басшысы Әкімбек Асқар мырзаға, байқауға қатысқан студенттерге жөн сілтеп, қолдау көрсеткені үшін топ жетекшісі Қодар Замза Мұташқызына, сонымен қатар МиАЛП 19-11 тобының студенттеріне, байқауға ат салысқан барша ұжымға ерекше алғысымызды білдіреміз.
