ТАҢІРШІ ТОҚТАР АБЫЗДЫҢ ЖАУАБЫ
АЙСҰЛУ: Тәңір - он сегіз мың ғаламды жаратушыға қойылған ат.
ТОҚТАР АБЫЗ: Біріншіден, «он сегіз мың ғалам» деген түсінік, дін және ғылым бойынша да қате айтылған болып табылады. Себебі, барлық халықтардың діндері мен сенімдері жаратылған әлемді «ЕКІ Дүниеге» бөліп, оны «ғаламдар мен ғарыштардан» тұрғызады. Екіншіден, біз сөз еткелі отырған, арабтың имани Исламы да, қазақтың Тәңір діні ілімі де, жаратылған әлемді, «он сегіз мың ғаламға» емес, «ЕКІ ДҮНИЕГЕ» бөледі. Араби имани Ислам, екі дүниенің бірін «БАХИ», екіншісін «ФАНИ» дейді. Қазақы Таңір діні ілімі, екі дүниенің бірін «ТЫЛСЫМ», екіншісін «ЖАРЫҚ» дейді. Исламның «Бахи» дуниясы: Жаннат, Фирдауыс, Бейіш, Жаһаннам, Барзақ тағы да басқадай деп аталатын бөлімдерден тұрып, ол жердің «Жаһаннамнан» басқасы: тілін калимаға келтірген инсанның, муслимин болып өліп, мәңгілікке қалсам деп армандайтын орны болып есептеледі. Сондықтан исламды қабылдаған муслимдер, осы дүниені «фани» деп тәрк етіп, «Бахи» дүниедегі «фирадауасқа» жеткісі келіп асығып, өлуге дайын отыр. Оларға бұларың дұрыс емес деп айта алмаймын, ол ислам жолы, Аллаһтың заңы. Исламның «Фани» дуниясы: Раббы Аллаһтың күнаһар құлы, әрі азғырушыға сенген азғындаушы инсан Сафиолланың ұрпағы, шайтандармен қоса қудаланып келген, инсан балалары сынаққа тұратын қадірсіз де қасиетсіз тұрақ, «Фани дүние» болып саналады. Сондықтан исламды қабылдаған муслимдер «Фани дүниеден» бәз кешіп, оны «жалған» деп танып, имандарын үйіруде. Бұларың дұрыс емес деп оларға айтпаймын, себебі ол Аллаһтың муслиминдерге түсірген ақи дәлелі. Таңір ілімінің «Тылсым» дүниесі: бастаулардың басы -Ден, Ден - Заң, Заң - Ақ, Ақ - Әлем, Әлем - Ден болып, оны Таңірлік Құдай жаратқандықтан «Тылсым», тылсым болғандықтан «құпия» деп нақтылап, оны танып білу тек қана АҚ пен АруАққа берілген деп ақиқаттап, «тылсымның» болмысы мен сипатын ауыз екі сөзбен түсіндіруге тырыспаған. Сондықтан Таңіршындар өз Құдайларын мазалап, мына дүниені қиып тастап, тылсым дүниеге баруға асыға бермейді. Мен үшін осы ақиқат дұрыс, себебі Таңіршынмын. Тәңір ілімінің «Жарық» дүниесі: Өздерін, Ақ пен АруАқтан жаратылған Адам ата мен Адам ананың баласымыз деп санайтын қазақ баласы, адамзат баласы өмір сүріп отырған қара жерді «мекенім» деп құдіреттеп, ол тынымсыз солға айналып ғаламдар мен ғарыштарға ұласып, «тылсым дүниемен» қауыша тұтасып, өмірді өмірге жалғап, тірлік пен тіршілікті өркендетіп тұратын ғажап әлем деп ақиқаттап қана қоймай, оны «жарық дүние» деп асқақтатады. Сондықтан қазақ баласы осы «жарық дүниеде» өз ұлтының дүние танымына сәйкес келетін Дін мен Сенім, Иланым мен Таным, Жүгіну мен Сиыну, Дәстүр мен Салт, Әдет пен Ғұрып, Тәлім мен Тәрбие ұстандарын заңдастырып, өзінің ұрпағына замандардан озатын: Өсиет, Аманат, Мұра, Мирас қалдырып, өлімді - сәт, ғұмырды - ғайып, өмір -кезең деп дәлел айтып, осы құрылымды «жарық дүние» деп асқақтата марапаттайды. Ия мен Таңіршынмын, ата бабамыздан қалған сара жолды таңдадым, адаспасым анық! АЙСҰЛУ: Тәңір - атау ғана, "Алла", "Құдай", "Раббы", тағы да басқалары секілді. ТОҚТАР АБЫЗ. Бұл жерде де қате кеткен, себебі Тәңір «діни ілімнің» атауы. Таңір діні ілімінде «Құдай» деген түсінік бар, бірақ оның қаптаған есімдері жоқ. Қазақ үшін, Құдай ол -Құдай. Қазақтың «Құдай» деген түсінігі исламда «Раббы», және оның «Аллаһ» деген есімдерінен басқа 99 көркем есімдері бар. Неге мен бұл жерде «Аллаһ» Рабының есімі деп айтып отырмын, дәлел мында. АҒЫЛА СҮРЕСІ: 1 аят. Әй, Мұхаммед! Ұлы РАБЫҢНЫҢ АТЫН дәріпте. 2 аят. Ол сондай Аллаһ: жаратып, толықтаған. 3 аят. Ол сондай Аллаһ: шамалап, оңғарған. 4 аят. Ол сондай Аллаһ: жайылысты жаратқан. 5 аят.Сосын оны қап-қара қоқымға айналдырған... 14 аят. Әлде кім тазарса, ол құтылады. 15 аят. Ол, РАББЫНЫҢ ЕСІМІН еске алып, салаяат оқыды. Бұл аяттардың тұжырымы мынаған саяды: «АЛЛАҺ» Раббының есімі. Осы аяттардың дәлеліне қарағанда, Раббының 99 көркем және оларға қосымша “Иллаһ пен Аллаһ” деген есімі бар екен. Демек: Раббым ол Раббым, АЛЛАҺ - оның есімі. Мен Тәңіршімін, дәлелмен сөйлеуді қалаймын, сондықтан кез келген дін, оның ішінде исламда өзіне тиесілі «діни терминдерді» орынды орнымен пайдаланғаны дұрыс. Әйтпесе, Сәбә сүресінің 38 аятында: «Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар.» деп ескертеді. Бұған не айтам, айтарым: исламның «терминдерін», өзге діндер мен сенімдердің «терминдерімен» шатастыра пайдалану, исламисті «азапқа душар» ететіні хақ. АЙСҰЛУ: Құранның қазақша түсіндірмесінің өзінде "Тәңір" - дүниенің жаратушысы ретінде неше қайталанады. ТОҚТАР АБЫЗ. Тағыда жаңылыс кеткен, себебі Халиф Алтай «Корани Шарифті» аударғанда «Иллаһ» сөзін «Тәңір» деп аударған. Айтқанымыз дәлелді болу үшін, Халиф Алтай аударған «Корани Шарифтің» соңындағы «Х» бетіндегі «Алла» сөзін тарататын түсініктемеге көз жүгіртейік. Онда, «Аллаһ: «Әл Илаһ» деген атаудың арапша грамматика бойынша біріктіріліп айтылуы. Ұғымы: «Құлшылық істеуге лайық зат.» Түрікше «Тәңір», Фарсыша «Худа», қазақша «Құдай», бұл аудармада «Алла» түрінде жазылады» делінген. Арап елдері жаһилет дәуірінде «Алланы» Алла деп атап, пұттарды «Илаһ» деп, Аллаға дәтімізді жалғастырады деген сеніммен оларға сиынып, Аллаға ортақ қосатын еді, бұл аудармада «Иллаһ» деген атау «Тәңір» деп аударылады деп нақтылаған. Оның үстіне «Лә Илаһә илла Алла» деген қайрымда да, «Тәңір» деген сөз жоқ. Демек, Коранды аударғандар діни «терминдерді» ауыстыру арқылы дін ұстаушыларды шатастырып қана қоймай, қазақ дүние танымына қиянат жасаған. Шығатын қортынды. «Тәңір» діни ілімнің атауы, ал «Илаһ», Раббыға тиесілі есімдерінің бірі ғана. Демек, аудармадағы «Тәңір» сөзі, «Иллаһ» деп айтылып, оқылуы керек. Яғни, «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ» делінетін сөз, «Аллаһтан басқа, Илаһ жоқ» немесе, «Аллаһтан басқа, құлшылық істеуге лайық зат жоқ» деп айтылуы тиіс. Сонда ғана дәлеліміз байыз тауып, екі ұлтқа тиесілі екі діннің айырымы нақтыланып, қазақ ақиқаты өз тағына отырады. АЙСҰЛУ: Құран аруақты жоққа шығармайды, керісінше, оны сыйлауды меңзейді. Алайда, аруаққа табын демейді. ТОҚТАР АБЫЗ. Ақара сүресі 83 аят: "Сіздерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін. Аллаға ешнәрсені серік қоспаңдар, ата-анаға(тірісінде) жақсылық жасаңдар" делінеді. Исламда «Аруақ» түсінігі жоқ, мойындалмайды, табынбайды, сиынбайды. Исламда «Аруақ» түсінігі жоқ, Раббыға қосақ қосуға болмайтындықтан, -жоқ. Ал «Аруақ» деген «Рухтың» көпше түрі дейтін діндарлар, өтірікшілер. Себебі, «калима» айтқан кез келген муслим, ешқашан «Аруақ бар» демеуі керек. Егер муслимдерден «Аруақ бар» дейтіндер шықса, онда олар Раббыны «артқа салып», Аруаққа «сиынуына» тура келіп, Исламнан кетеді. Ал қазақтың Тәңірлік түсінігі бойынша, Аруақ бар! Құдайдың қолы тиген, сана құйылған, адам жасау мүмкіндігі берілген ұлы Өмір иесі. Аруақ қазаққа көмектескен, көмектесіп келеді, көмектесе береді. Қазақ, Аруаққа табынбайды, сиынады. Тәңір дінінің ұстандары бойынша: Құдайға - наза салады, Аруаққа - сиынады, Табиғатқа - табынады, Суға - шомылады, Күнге - абынады, Отқа - тәу етеді, Тасқа - қыздырынады, Шөппен - емделеді, Еңбек етуге - нанады, осы жоралғыларды білмеген Таңір ілімі жайлы дымда білмейді. Осы айтылған теңеудің барлығы, Жаратушы мен ол жаратқан әлемді құрметтеу үшін жасалынатын амалдар мен ұстандардың «шартты» сөздері. Білместік - ол жегі, ал «діни жегінің» дендеп кеткені жаман. Дін аралық түсініктер орнына келмей, қазақы ұлттық дүние танымның «формуласы» өз шешімін ешқашан таппайды. АЙСҰЛУ: Аруақ - өзіңнен бұрын өткен ата-бабаларыңның рухы. Ата-бабаларыңның рухын сыйламағаның, оны, яғни аруақты қорлағаның. Аруақтың бері саған енді қайтып бұрылмастай болса, міне, сен осы түста Алланың қаһарына ұшырайсың! Сені жазалаушы Алла Тағала, аруақ емес. Жарылқаушы да - Алла Тағала!!! Аруақ - жаратылыс. ТОҚТАР АБЫЗ. Аруақ, ислам сеніміндегі «рухта» емес, «нафсте» емес. Аруақ, аталық «ұрұқпен», аналық «ұрықтың» қосылуынан пайда болатын қасиетті - Ақ. Ақ – клетка. АруАқ - Ақтың туындысы - клетка. Аруақ саналы, адам болмысын өзінің миллиардаған «копиясынан» жасайтын, Тәңірлік Құдайдың алдында жауапқа тұра алатын, өмірдің иесі мен киесі. Аруақ, адамның тірі кезінде - денеде, өмірден озғанда - сыртта. Біріншіден: Аруақты силамағаның, өзіңді өзің силамағаның. Екіншіден: өмірден озған ата-бабаңының қасиетті Аруағын силамағаның, ұмытқаның. Үшіншіден: Аруақтың өлмейтініне сенбей, оның өз ұрпағынан қайта туатынына күмән келтіріп, мына жарық дүниені «тәрк ету» қағидасына көмек етуің. Төртіншіден: «Ақ пен Аруақты» жаратқан Таңірлік Құдайдың шеберлігіне күмән келтіріп адасқаның. Аруақ бар, кәзіргі заманның «цифровой апараттарға» түсіп қалуда. Осы жерде айта кететін бір сөз, «Аруақты ұмытқан екенсің, Аруақ қайырылмастай болып сені ұмытқан екен» деп Таңірлік Құдай қазақ баласын һақарына ұшыратпайды. Қазақ, ешқашан Тәңірлік Құдайдың һақарымен ұрпағын қорқытпаған ұлт. Жаратушыны танып білудің жолы, әр ұлтта әр түрлі, қазақтың да өзіне тиесілі қасиетті де, құдіретті сара жолымен, түсінігі бар. Мен қазақтың Құдайды танып білудегі ізгілікті жолын таңдаған адаммын. АЙСҰЛУ: Аян - ол да - Алладан. Оны Алла Тағала, әуелі, санаңа әр түрлі ойды салу арқылы, ақыл-кеңес күйінде жіберуі, егер ұға алсаң. Ал, ұға алмасаң, ата-бабаңыздың кесін-кейпімен қауіп-қатерді ескерту мүмкін. Өйткені, біз біреу келіп маңдайымыздан салып қалғанша ұғып болмайтындарданбыз ғой. Ұқтық екен, енді оны Құдай тұтпайық та. Алланың, яғни, Жаратқан иеміздің, біздің тілмен айтқанда, Тәңіріміздің бұйрығы осындай формамен келген екен деп неге түйсінбеске?! ТОҚТАР АБЫЗ. АЯН түсінігі тек қана қазақ дүние танымына тиесілі. Ислам қағидаты бойынша, Раббы өзінің сенімді «малкасы» арқылы, таңдаулыдан болған Расулына «аян» емес, «уахи» жібереді. Раббы «уахи» жіберген инсанның әкесінің есімі -Абдулла, шешесінің есімі -Аминат, Гавриил малкаға кезіккеннен кейін «Мухаммад» атанған расулдың, нағыз есімі «Хамсе», жолай есімі «Аль-Амин», ұлты - арап, тілі - араптікі. Раббы сол Расулға: ШУРА сүресінің 7 аятында: «Ей Мухаммад, осылайша қалалардың орталығы әрі маңайыңдағаларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін, саған арапша бір Коран «уахи» еттік. Ол күні бір топ жаннатта, бір топ жаһаннамда» десе, МАРИАМ сүресінің 97 аятында: «Ей Мухаммад, Коранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.» деген «уахилар» түсіріп, ислами «дәлелдерді» заңдастырған. Нақтылап айтсақ, Мухаммад расулдан кейін Раббыдан «уахи» келу мүмкіндігі ислам сеніміндегі муслимдерге мүлдем тоқтаған. Қазақтың Таңірлік дүние танымы бойынша «АЯН АЛУ» әлі тоқталған жоқ, адам болмысында: сана, өрө, ақыл, келген ойдың шешімін қабылдай білу ұлылығы барда, тоқтатылуы мүмкін емес. Аян алу қасиет, адамның өзіне, тектілігіне байланысты қасиет. Тәңір ілімінде адам - ардақты, Исламда инсан - құл. Айырым осында. АЙСҰЛУ: Мына он сегіз мың ғалам, бүкіл адамзат баласымен қоса, жаратылыс болса, әрмен қарай қандай сұрақ болуы мүмкін?! Баршамыз Жаратушыға бағынбаймыз ба?! Соған ғана мұқтаж болмаймыз ба?! Алып тауларға қараңыз,- ақырет күн аспа жермен қабысып, сол алып деген тауларыңыздың өзі жүндей түтіліп жүре береді екен. Ендеше, біздің жайды шамалай бер. Сонда, қашан жаныңыз кеудеңізден шыққанша "Уа, Тәңірім! Мені мына азаптан құтқара гөр!"- деп жалбарынарсың. Сонда сенің Құдайға жалбарынбаған, былай айтқанда, Алладан сауға сұрамаған нең қалды? Осыны түсіну саған соншалықты қиын ба?! ТОҚТАР АБЫЗ. Баяғы сол: он сегіз мың ғалам, мұқтаждық, ахирет, жүндей түтілу, жағдайы жаман инсан, қорқыныштан өлермен болып отырған адамзат баласы…. Демек, жоғарыда келтірілген МАРИАМ сүресі 97 аяттағы: Ей Мухаммад, Коранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік» делінетін «уахидың» босқа айтылмағаны нақ көрініп тұр. Ал, Таңір діні ілімінің Құдайы, Адам ата мен Адам ананың ұрпағына «Менен қорық» деп ешқашан айтпаған, сондықтан қазақ одан жөн-жосықсыз «Сауға» сұрамаған, кез келген «азаптан» санасы мен ақылын пайдала отырып өзі құтылған. Қазақ, түнді-таңға оздырып Таңірлік Құдайдан «рахым» күтіп отыратындардан емес, қайратын шақырған, жігерін жаныған, намыстылардан. Өзіне өзі сенбеген, өзін өзі құрметтей білмеген ұлт, Тәңірлік Құдаймен де, оның жаратып жіберген әлемінің заңдылықтарымен де, ешқашан қауыша алмайды. Жоғарыдан «Рахым» күтуді үйренгелі бері қазақ, «құлмын» деді де, құлдырады. Менімше осыны түсіну маған да, саған да, оларға да соншалықты қиын шаруа емес. АЙСҰЛУ: "Тәңір" сөзінен бөлек дін жасап, ру-тайпаңмен бөлек шықпақпысың?! ТОҚТАР АБЫЗ. Таңір діні бар, исламнан бұрын болған, жоғалып кеткен жоқ, қазақ дүние танымында «бұлынғырланып» қалғанына қарамастан әлі өмір сүруде. Қазақ даласында дамылсыз жұмыс жасап жатқан исламның барлық тірлігі Таңір діні ілімінің жөн-жоралғылары. Екі дінге тиесілі «терминдердің» айырымын айырайын да, Таңір дінінің ізгілікті жорағылары мен ұстандарының жоғалмағанын анықтайын, оқып шықта ойлан. Тәңірлік ҚҰДАЙ, исламда - РАББЫМ. Тәңірлік АДАМ, исламда - Инсан, есімі - Сафиолла. Тәңірлік ҚҰРАН, исламда ХИРАТ. Тәңірлік НАМАЗ, Исламда - Салаяат. Тәңірлік СЕНІМ, Исламда - Иман. Тәңірлік ЖАН, Исламда – ЖАНН. Ыбылыстың Атасы. Тәңірлік МҰСЫЛМАН, Исламда - Мумин. Тәңірлік МЫСЫМАН, Исламда - Муслим. Тәңірлік АЗАН, Исламда - Хаматы. Тәңірлік ОРАЗА, Исламда - Зекят. Тәңірлік АУЫЗ БЕКІТУ, Исламда - Ассаум. Тәңірлік ҚҰРБАНДЫҚ, Исламда - Идаль Адха. Тәңірлік АЙТ, Исламда - Әл фитр, немесе Әль ғид. Тәңірлік СӘРЕСІ, Исламда - Сухр. Тәңірлік АДАЛ, Исламда - Халал. Тәңірлік АРАМ, Исламда - Харам. Тәңірлік ЖАНАЗА, Исламда – Ас Салаяат. Тәңірлік ЗИРАТ, Исламда - Хадж. Тәңірлік МЕШІТ, Исламда - Масжит, Мусалла, Жами. Тәңірлік ҚҰБЫЛА, Исламда - Хибла. Тәңірлік СОПЫЛЫҚ, Исламда - Тассаваф. Тәңірлік АРУАҚ, исламда мұндай түсінік жоқ. Тәңірлік ҚҰДАЙЫ МАЛ, исламда мұндай түсінік жоқ. Тәңірлік ЖЕТІНАН, исламда мұндай түсінік жоқ. Тәңірлік ҮШІ, ЖЕТІСІ, ҚЫРҚЫ, ЖҮЗІ, АС БЕРУ, ШЕК БЕРУ, ШЫРАҚ ЖАҒУ, ТЕБЕРІК ТАРАТУ, Исламда мұндай түсінік жоқ. Тәңірлік нәрестені ҚЫРҚЫНАН шығару, исламда мұндай түсінік жоқ. Осы айырымда айтылғандардардың барлығы және тағы да басқа айтылмағандар, Тәңір дініне тиесілі ұлылық, қазақ сөздік қорының інжу-маржандары. Осы қазақы түсініктердің барлығын, Исламның пайдалануына бердік те, ұлттық дүние танымнан айырылып, жер жұқып отырмыз. Іздеушісі жоқ «ұстандар» екенін сезген исламның имамдары, Тәңірлік «терминдерді» еркін пайдаланып, қазаққа тиесілі салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен амалдардың басы- қасынан табылып, еркін сөйлеп, жырғап отыр. САФФАТ СҮРЕСІНІҢ 10 аятында: «Алайда әлде біреу «бір сөз ұрлайтын» болса, оны өткір бір жалын қуалайды» делінген. Ал имамдар Таңір іліміне тиеслі діни «терминдерді» шімірікпестен пайдаланып, «сөз ұрлағаннан» болып табылып шыққандарына қарамастан, қазақта «дін болмаған» деп, өтіріктің «қара суын» сапырып, Таңір дінінің жолымен жүріп жатыр. АЙСҰЛУ: Қайда барасың?! ТОҚТАР АБЫЗ: Ауылға, қазақтың қаймағы бұзылмаған дүние танымының ауылына бара жатырмын. Тамаша ауыл, төрі кең, әлем халықтары таңдайын қағып таңғалатындай, «ақиқат тіл қатып өркендеп, өтірік зим зия болып кетіп жатқан ауылға» бара жатырмын. Баяғыда жеткем! АЙСҰЛУ: Бағдаршамың қайсы? ТОҚТАР АБЫЗ. Бағдар шамым: «1. Қазақтың тілін, 2. Қазақтың Шежіре ділін, 3. Қазақтың Таңір діні ілімін ұмытпа» деген «Үш өсиетімен» қатар: «Аманат, Мұра, Мирас» атты жүйесі жүйеленіп тасталған ұлылықтар. АЙСҰЛУ: Өзіңді қалай ұстап, қалай тұтуың жәйлы заңнамаларың белгіленіп, тәртібің жазылған кітабың бар ма? Жоқ қой!!! Ал, онысыз, дін дін бола ма?! ТОҚТАР АБЫЗ. Тәңіршілер үшін ең ұлы кітап, Құдай жаратқан - Әлем!! Әлем, мәңгілік оқылатын кітап, зертеп, зерделеніп отырып оқылатын оқулық. Тәңірлік Құдай ешқашан қазаққа: «мені мадақтап бес уақыт салаяат оқы, әке шешеңді сила, олар иман келтірмесе дос тұтпа, соғыс пен қысастықты фарз жасадым, әйел баласына талақ жаса, он екі айдың «бір айы», жеті күннің «бір күні» мүбәрак болады….» делінетін «қағидат пен моральға» толы кітап берген емес. Қазақ, «қағидат пен мораль» айту Құдайға емес, адамға тән екенін баяғыда ұққан. Сондықтан айналасын қоршаған табиғаттың заңдылықтарын зерттеген, аспан әлеміне қарап құдіретінен ой түйіп, оны өмір тәжрибесінен өткізе отырып, тірлігі мен тіршілігінде ұқыптап, ыждағаттылықпен пайдаланған. Ал, өзін өзі қалай ұстау керектігі жайлы айтса, қазақ айтсын! Қазақ білген: тәлім мен тәбиеге, үлгі мен өнегеге, ұлына елу, қызына қырық үйден тыйым салған заңдылығына жететін мәдениет өзге ұлттарда жоқ. Оның үстіне, ұрпақты қалай туудың заңдылықтары мен тәртібі, «тектіні» қалай туу керек, «тексізді» тумаудың заңдылықтары жазылған «Қазақ Шежіресіне» жететін әлемде бірде бір кітап жоқ. Қазаққа тиесілі «Құт Іс, Кәде Іс» заңдылықтары, қанатты сөздері мен мақал мәтелдері өзіңді қалай ұстап, қалай тұрудың теңдесі жоқ үлгісі. Түк жоқ демелік, оданда имамдар айтып отырған «уағыздарға» көңіл бөліп, осылардың «зарлатып» отырғанындай ұлағаттылық «қазақта бар ма?» деп өзімізге өзіміз сұрақ қойсақ, сонда олардың «көсеміміз» деп отырған «Ибин, ибин әль Ибинінің» айтқаны, қазақ дүние танымының алдында «баланың сандырағы» болып қалатынын ұғамыз. Қазақты іздейік, қазақылықты іздейік, қазақтың «адам Құдайдан бір жас кіші» деген сөзінің құндылығын түсінсек, сонда ғана «құл» болып тумағанымызды ұғамыз. АЙСҰЛУ: Сонда, сен өзіңнің "Діндестеріңе" не оқытасың?! "Тәңіршілмін! тәңіршілмін!"- дегеннен басқа, нені уағыз етесің?! ТОҚТАР АБЫЗ. Шегара бұзып даламызға келген діндермен, Таңір іліміне тиесілі айырымды айыра отырып ақиқат айтқаныма «25 жылдан» асып барады, айтылмақ пен жеткізбектің таусылатын да, түгесілетін де түрі жоқ. Ауыз екі айтудан басқа, 2006 жылы баспадан «Ақиқат» атты кітабым шықты, кәзір екінші басылымын «тапсырыс» арқылы өзім басып шығарып жатырмын. 2006 жылы «ҮШ ЖҮЗ» атты жекеменшік фонд ашып жұмыс жүргізсем, биыл 2016 жылы «Таңір ілімі» атты қоғамдық бірлестік ашып жұмысқа кірістік. Мақсат, қазақ дүние танымын «жүйесін жүйелей» отырып әлемге айту. Қазағымның білгені «керемет» деп айтылмаған ой -құнсыз. АЙСҰЛУ: Санаңа сымаладай жабысқан осы түсінік қайдан жүр?! Жын ба, сайтан ба сені еліктеткен?! Бәлкім, пері болар?! ТОҚТАР АБЫЗ. Санама «сымаладай» жабысқан бұл түсініктер қазақтан, қазақ дүние танымынан жабысқан. Қазақ бөгделердің айтқанына сеніп құлдыраған сайын, сол «жабысқақ» санамды сабалап, тірілтуімді сұрауды. Тірілттім. «Жын мен сайтан» елітіп кететіндей қазақ баласы «тексіздерден» емес. Шежіреміз заң, қанымыз таза ұлттанбыз. Текіз туып, қазақ дүние танымын сатып, басқа жұрттың дүние танымымен, басқа жамағайындарың діндеріне кіріп кеткендер маған тең емес. Жын, жын демекші, «жындар» исламды қабылдаған. Сондықтан болар ислам сеніміндегілер «жындар» туралы көп айтады, өйткені жындардың мазхабы бөлек мықты «соперниктер», жамандамаса болмайды. Оның үстіне, исламға тиесілі 73 тамақтың біреуі ғана «нақ» болып, Раббының жанынан табылады, ал жындардың өмірі ұзақ өлмейді, діті мықты, айлалы, сондықтан жамандау керек, жамандамаса болмайды… Жын сүресін оқы… ЖЫН СҮРЕСІ. 1-2 аят. Жындар: Шынында да бір ғажайып Құран тыңдадық. Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған ИМАН келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз – дейді. Жалған аят деме, исламда «Аллаһтың лағынеті» деген заңдылық бар. Білесің. Имамнан сұра, олар, «жындар: жақсы мен жамандар болып екіге бөлінеді» деп «ұрып» салады, оқыған адамсың, имамдарды тыңдарсың да, Раббы жақтан түскен сүреге шәк келтірмейтіндей етіп, шешімін өзің табарсың… Исламның; «иблис, жин, жанн, чайтан» деп отырғандары,Таңір дінінде «албастылар» деп аталып: «микроб, бактерия, вирус» болып шығады. Осылардың адамға нендей зиян, недей азап әкелетінін ойла да, шешімін тап. АЙСҰЛУ: Құдайдан безсең, Құраннан безсең, солардың жетегінде кетпеген не қалды?! ТОҚТАР АБЫЗ. Құдай мен Раббы түсініктерінің айрымын жоғарыда айтым. Құдай бар, «ол менің ойласамда ойламасам да ойымда». «Бар» десем де, «жоқ» десем де, Таңірлік Құдай жайлы дәлел айтам. Әлемнің барлық діні жаратушының «не бар, не жоқ» екенін дәлелдей алмағандықтан, танып білудің сандаған діни жолын ашқан. Дау жалғасып жатыр, ешқашан бітпейді. Қазақта Құдайды іздеген, сол жолда «Тәңір діні ілімін» қалыптастырып, өзінің сара жолын нақтылаған. Құдай бар, қазақ солай дейді. Сондықтан: Раббы -исламға, Савафф пен Игова - еврейге, Иссус - христианға, Брахман - индусқа, Будда - буддиске, Ахурамазда - парсыға, Кришна - кришнайдке, демек әр жұрттың жаратуышысының есімі әр түрлі, оны растау жолдары да әр түрлі. Құдай бар –қазаққа, оны танып білудің ақиқат жолы -Таңір діні ілімі! Айтпақшы, «Құран» қазақ сөзі. Ал «Коран» деген сөздің кімдікі екенін білмеймін, бірақ, араптардың туысы, ерейлер отырған жақта «Коран» деген таудың бар екенін білемін. Сол «Коран» тауы, Расул өмірге келгенге дейін болған, әлі де бар болуы керек. Ал исламның қасиетті кітабының шын атауы «Хирани Хират». Абай атамыздың айтуыша да «Хират». Сенбесең, хакім Абайдың, құрдасы «Абралыға» жазған өлеңін оқылық. АБЫРАЛЫҒА. Мен жасымнан көп көрдім, Мұсылманды, кәпірді. Абыралыдай көрмедім, Намаз білмес пақырды. «ҚИРА ӘТІН» оқытып Көріп едім шатылды. Ниет қыла білмеді, Не қылады нәпілді. Абай, «Құран» сөзін қазақтың дүние танымына қалдырып, араптың «Хират» сөзін дыбысталу жағынан қазақ сөзіне жақындатып «ҚИРА ӘТ» деп, ислам жайлы жақсы білетінін білдіріп отыр. Қазақ сөзіне деген құнттылық, қазақ сөзіне деген құрмет осыдан артық бола қоймас. «Құран» қазақ сөзі, қайтып алып игілігімізге жаратумыз керек. Ал араптың «Хират» сөзін орап айтсаң «Тарих» деген сөз шығады. Хират - Тарих!!! Ойпырмай Ә… дейсің. АЙСҰЛУ: Қайт, райдан, қалқам! Бәлкім... ТОҚТАР АБЫЗ. Маған, «Қайт, райдан, қалқам» дептееее…. «қалқам». Жарайды айтсын, себебі «қалқам» деген, жанға жайлы сөзі екен даа…. Айтпағымызға оралайын. Таңірлік Кұдай: Ей адам баласы, Мені іздеме тамтұғың шығады, өзіңді тап, Мені табасың, өзін таппаған Мені таппайды, таптым деме өтірік - дейді, Құт-Іс құранында. Демек «өзіңді» таппай тұрып, Құдайды іздеу жөн емес! Тәңір дінінің негізгі ұстаны осылай! Мен Қазақтың ұлттық дүние танымын «жүйелі» түрде тапқаннанмын, қайту ойда жоқ. ІСРА СҮРЕСІНДЕ: «Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз» дейді, имани исламның Раббысы. Демек, «әркім дұрыс жол тапса да, зиянды жол тапса да өзі үшін табады», дұрыс. Ал Қазақ болса «жахилет» дәуірін басынан өткізбеген, сондықтан құтқаруға, арапша айтсақ «расул», қазақша айтсақ «пайғамбар» жіберілмеген. Демек қазақ «о дүниеде азап шегу» қасіретінен құтылғандардан, себебі қазақ таза ниетті, таза қанды ұлт, Адам атадан кейін «пайғамбар» іздемеген ұлт! Юныс сүресінің 99-100 аяттарында: «Ей Мұхаммед, егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді. Адамдарды иман келтіруге сен зорлайсың ба? Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес» делінеді. Раббының өзі, Мухаммадқа: Адамдарды иман келтіуге сен зорлайсың ба? деп отыр. Сондықтан - зорлама, сендер қабылдаған исламда «зорлық» жоқ. Таңір ілімінде де, қазаққа тиесілі ұлы дінді тұтынушыға «қайт» деп айту артық сөз. АЙСҰЛУ: Ия, Алла осындайдан сақта ұрпақтарымызды. Қасиетті Құранның киесіне ұрынбағаймыз!!! Астағіфир Алла !!!!!!!!!!! ТОҚТАР АБЫЗ. Өз басым, Адам мен Адамша, қазақ пен қазақша сөйлескенді жақсы көрем. Демек, «интернеттің» екінші ұшында, көкірегі сарай, ақылы кең, айтпақ ойы ұшқыр, тек қана қазақтың қамын ойлатын, азаматтар мен азаматшалар отыр деп ойлаймын. Сондықтан «интернеттің» екінші ұшында отырғандарға айтарым: Ислами сұрақ сендерден дұрыс қойылса, Тәңірлік дұрыс жауап бізден болады. Ала ауыздық, ешбір ұлтты да, ешбір дін мен сенімді де ұшпаққа жеткізбеген. Мен - мысыман, сендер - муслимсіңдер, солай болған, солай болып қалады. Сондықтан, Таңірлік Құдай - бізден, исламның Раббысы сендер жақтан туындаған таза ойларға қуат берсін. ШҰҒАРА СҮРЕСІНІҢ 221 - 222 - 223 - 224 аяттарында: Ей, Мухаммад! Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрі өтірікші күнәкәрларға түседі. Олар шайтандарға құлақ салады, олардың көбі өтірікші. Ақындарға азғындар ереді – делінеді. Демек, сөзден түйін түйетін, шешендігі кеменгер, дәлелі нақ ақындар мен ақын жандыларды исламда, «шайтанмен» қосарлап қойған. Осы аятты дұрыс деп тапқан, «айтыс ақындары» өнерлерін тастап жатыр, ал мен оларға бұларың дұрыс емес деп айта алмаймын, себебі Раббыларының талабы солай. Таңір діні ілімінде ақын ірі тұлға, ұлттық өнеріміздің бет бейнесі. Қазақ «чайтан мен азғындардан» болмағандықтан, ақындары жүрегінде, өнерді өрге жүзгізетіндері төрде. Мен, басымды ауырытып, қорқытып мыжи беретіндерге, Кафрин сүресінің 5 аятында айтылатын: «Ей Мухаммад, оларға сенің дінің саған, менің дінім маған де» деген Раббыларының дәлелін айтамын да, сабырға шақырам. Әркімнің діні өзіне, қазақтың да өзіне тән діни ілімі бар, бұл менің жолым, қайтпан! СОҢЫНДА АЙТАРЫМ. Қазақ болып қала білу -мақсат, қазақ дүние танымымен тұтаса өмір сүру -мақсат. Барлық әрекет -қазақ үшін, барлық іс - қазақтың қамы! Ояу қазақ, оян!
