ТАҢДАУШЫЛАР ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
9 сәуір күні Казталов аудандық аумақтық сайлау учаскесінде таңдаушылар Қайыңды, Қараөзен ауылдық округі әкімі лауазымы үміткерлеріне дауыс берді.
Дауыс беру рәсімі алдында таңдаушыларға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов дауыс беру тәртібін түсіндірді.
Дауыс беруге 11 таңдаушыдан 9 депутат қатысты.
Сайлау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес өткізілді.
Жалпы таңдаушылар саны 11, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар - 9. Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: А.Ғұбашевке – 8, Б.Мусинге – 1.
Көпшілік таңдаушылардың дауысымен Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып Айбол Сағидоллаұлы Ғұбашев сайланды.
Қараөзен ауылдық округі әкіміне үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Б.Қабдоловқа – 7, А.Касимовқа – 2.
Көпшілік таңдаушылардың дауысымен Қараөзен ауылдық округінің әкімі болып Бауыржан Қабдолұлы Қабдолов сайланды.
Сайлау санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілді.





