Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ТӘЖІРИБЕЛІ ПСИХОЛОГТЫҢ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

18.11.2020 жылы аудандық "Jas Otan" ЖҚ төрағасы Джолбасханов Ислам Талипұлының қатысуымен "Тәжірибелі психолгтың жұмыс бағыттары" тақырыбында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін көтеру мақсатында акция өткізілді. Акцияға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары арнайы шақыртылды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ӘПСҚ бөлімшесінің психолг маманы - Абдуманап Оразгуль Сыбайлас жемқорлық - тек жай ғана құқық бұзушылық емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер болып табылады. Азаматтық қоғамның қатысуынсыз жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін емес. Негізінен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жасөспірімдермен жұмыс жүргізу маңызды рөлді атқарады. Жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың стандарттарын енгізу, түсіндіру тек жас шағынан бастап бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Сол себепті мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне жастар көзімен сыбайлас жемқорлықтың теріс жақтарын, келтіретін зиянын түсіндіру тиімді болып табылатындығын айтты. Одан бөлек осы тақырыпқа сай тәжірибелі психологтармен жиналыстар, тренингтер өткізіп тұрудың маңыздылығы зор екендігін жеткізді. Сонымен қатар, аудандық "Jas Otan" ЖҚ төрағасы - Джолбасханов Ислам Талипұлы осы сыбайлас жемқорлықтан арылу, өзіңді алшақ ұстау бойынша ауыл жастарымен түрлі қайырымдық іс-шаралар, арнайы жобалар, форумдарға қатысып, ол жақтан жинаған тәжірибелерімен бөлісімен, қорытындылады.

0
0
141

Еще по теме

"ТӘЖІРИБЕЛІ ПСИХОЛОГТЫҢ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz