ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Тұңғыш Президент жүргізген сындарлы саясаттың арқасында ішкі және сыртқы саясаты дамыған жас Қазақ мемлекетін – әлем таныды.
Арқа төсінен жаңа Қазақстанның заманауи Астанасын тұрғызды. Бұл, сөз жоқ мемлекет басшысының сол кездегі батыл шешімі. Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық даму мен демократиялық қозғалыстың өркендеуін басты назарда ұстады. Нәтижесінде егемен елімізде – экономикалық қуаты артып, азаматтық қоғам өркен жайды.
Жиынды партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Түгелқызы ашып, жүргізіп, аталған мерекемен құттықтап, алдағы уақытта партия жұмысын жаңа форматта жалғастыру керектігін айтып, осы бастамаға жұмысла кірісуге шақырды.
Жиында Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Ш.Нургалиева Елбасының егемендік жолындағы еңбегі туралы сөз сөйледі.
