ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай партия қатарына өткен азаматтарды партиялық билетті табыстау рәсімі өтті. Партия қатары түрлі саланың мамандарымен толығып, мүшелер санын көбейтті. Аталған салтанатты қабылдау рәсімінде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейтов: "Партиямыздың бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға, партия атына кір келтірмей, еліміздің көркейіп, дамуына өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенемін", - деп өзінің сенімін білдіріп, келе жатқан мейраммен шын жүректен құттықтады.
