ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
Қарақұм спорт кешенінің ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев тұрғындарға аудан басшысының құттықтауын жеткізіп, ғимараттың ашылуына еңбек сіңірген азаматтарға Алғыс хат табыстады.📷 Ауыл тұрғындарының атынан сөз алған Ермекбай Сатенов көпшілікті мерекемен құттықтап, атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.📷 Жалпы, Ордабасы ауданының спорт саласында айтулы жұмыстар атқарылып келеді.2020 жылы жергілікті бюджет есебінен Ұялыжар мен Темірлан ауылынан ашық алаңша мен стрит воркаут алаңшасы ашылды. Аудан орталығындағы саябақ та осындай нысанмен толықты. Көпқабатты үйлердің ауласында 2 ашық алаңша, «Бәйтерек» мектебінің спорт залы мен алаңшасы және «Темірлан» мектебі спорт залы мен алаңшасы, Төрткөл ауылынан стрит воркаут алаңшасы салынды.Бадам ауыл округі, «Ордабасы» мектебінің ескі ғимараты және Төрткөл ауыл округі, «Арыстанды» мектебінің ескі ғимараты аудандық спорт бөлімінің теңгеріміне алынды.📷 Ауданда биыл жалпы 13 спорт ғимараты қолданысқа берілді.Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасайды. 10 ауыл округінде спорттың 13 түрінен секциялар бар. Қазіргі таңда 76 жаттықтырушы 1864 баланы спортқа баулып, тәрбиелеуде.
