"ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ"
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Осыған орай Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарық көрді. Еліміздің егемендік алып, еңсесі көтерілуіне зор үлес қосқан Елбасы өз мақаласында отыз жыл ішінде кездескен қиындықтар мен қол жеткізген жетістіктерімізге тоқталған. Тәуелсіздік оңай келген жоқ.
«Тәуелсіздікке барар қиын жолдардағы сансыз көп шайқастар мен көтерілістерде қаншама қаһарман бабаларымыз шейіт болды. Оларды еске алу, құрметтеу – біздің парызымыз»- деген Нұрсұлтан Әбішұлы сөзі тарихи тұлғаларды ұлықтауға шақырады. Тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы батыр бабаларымыздың ерен ерліктері ұрпаққа мәңгі үлгі болары анық. Әсіресе, өз туған жерінен шыққан тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектерін білу, зерттеу жұмыстары оқушылардың шығармашылықтарын шыңдап, бойларына елжандылық қасиеттерді қалыптастыратыны сөзсіз. Ал ізденімпаз, білімді ұрпақ- тәуелсіз елдің жарқын болашағы.
#NUROTAN
