ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен «Жарқын жүздесудің» бұл жолғы шарасы «Тәуелсіздік құрдастарына» арналды. Ауданымызда еңбек етіп жатқан әр саладан жиналған мамандық иелері бас қосқан бағдарламаға Новопавловка а.о әкімі аппаратының бас маманы А.Джасыбекова, Федоровка ЖОББМ АӘД пәні мұғалімі З.Қабиев, №2 ауруханасының невропатолог дәрігері А.Сакбаева, Ақжайық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры М.Кенжегарин, мәдениет үйі қызметкері З.Қалмағанбетова және №12 өрт сөндіру бөлімінің автокөлік жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Б.Мырзағалиев қатысты.
Меймандарға әннен шашу шашқан Айбек Дәулетқалиев «Жайықтың жастары» әнін орындады. Сұхбат тізгінің ұстаған Ү.Орынғалиев жоба қатысушыларына «Сұрақ-бізден, жауап -сізден» деп кәсіптеріне, өмірлеріне қатысты қызықты сұрақтар қойды. Қонақтар арасынан қонақ кәделерін алып келген, З.Гарифоллаұлының Бейбарыс, Сұлтан атты ұлдары "Батырлар ұраны" әнін шырқаса, мәдени қызметкер З.Маратқызы "Балалық шаққа саяхат " әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. ТЖ көлік жүргізушісі, сондай-ақ өрт сөндіруші Б.Асқарұлы мектеп оқушыларына өрт сөндіру киімін киюден шағын шеберлік сағатын көрсетті.
Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Жеңісқызы жастарға алғысын білдіріп, аудан әкімі Тілек Габдушевтың атынан алғыс хат табыстады.
Балнұр ҚУАНЫШҚЫЗЫ
