Тәуелсіздік мерекесін төрт күн тойлаймыз
Тәуелсіздік күніне орай елімізде 4 күн демалыс жарияланады. Яғни, 16-17 желтоқсан күндері жұмыс күні болмайды. Ар жағында сенбі-жексенбі заңды демалыс. Сөйтіп, қазақстандықтар төрт күн бойы той тойлайтын болды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғары Кеңес еліміздің егемендігі туралы заң қабылдаған болатын. Қазақстан ең соңғы болып (тіпті Ресейден кейін) бұрынғы Кеңес Одағының құрамынан шықты.
Желтоқсан қазақ үшін қасиетті ай. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Алматыда ереуілге шығып, талай жас қыршынынан қиылып, қудалауға ұшырады. Желтоқсан көтерілісі Одақ құрамында болған өзге елдердің де егемендік туралы терең ойланып, тәуелсіздікке ұмытылуына түрткі болды. Сондықтан Желтоқсан оқиғасымен Тәуелсіздік күнінің сәйкес келуі бір жағынан заңды.
Қазақтың тойшыл халық екені белгілі. Бірақ төрт күн бойы думандата бермей, бір уақыт осы тәуелсіздік жолында құрбан болған арыстарымызды еске алып, құран бағыштауды ұмытпаңыздар, ағайын.
Әли СЕКЕЛ
