Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында аудан басшысы Салыхан Сабырұлы көпшлікті мерейлік мерекемен құттықтады.

-«16 желтоқсан ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлтымыздың азат ел екенін әлемге айғақтайтын ерекше күн. Тәуелсіздік жылдары еліміз тұрақтылықты, халықтың ауызбіршілігін іргетас етіп қалап, бірлігі бекем ел ретінде қадам бастық. Әлемге бейбітшіліктің жаршысы, игі істердің бастамашысы ретінде танылды. Ұлт татулығы, ұлыстар бірлігі әлемге үлгі болды. Бұл біздің тәуелсіздік жолында жеткен үлкен жетістігіміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев «Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі - халқымыздың ұлы жеңісі, теңдесі жоқ тарихи оқиға»,- деп лайықты бағасын берді. Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын», - деді.

Ауданның әлеуметтік дамуына қосқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты жағдайда марапаттады.

Жиын барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

0
0
255

Еще по теме

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ - Yvision.kz