Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, ырыс пен береке тілейміз! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы әр қазақстандықтың еңбектері табысты, барлық бастамалары сәтті болсын.

Бұл мереке шын мәнінде біздің еліміздің еркіндігі мен қуаттылығының, қоғамдағы әрбір азаматтың жеткен жетістіктерінің символы іспетті.

Адамның әлеуетті дамуы – Тәуелсіздіктің ең басты құндылығы болып табылады, өйткені еліміздің бәсекеге қабілетті болып гүлденуі әрбіріміздің жан-жақты дамуымызға тікелей байланысты.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Мереке құтты болсын ағайын!

1
0
145

Еще по теме

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! - Yvision.kz