ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ДОСТЫҒЫ (ТМД) ҚАТЫСУШЫ — МЕМЛЕКЕТТЕР АУМАҚТЫ САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КООРДИНАЦИЯЛЫҚ СОВЕТТІҢ XII МӘЖІЛІСІ ЖӘНЕ XII МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Тәуелсіз мемлекеттердің Достығы (ТМД) қатысушы - мемлекеттер аумақты санитарлық қорғау мәселері жөнінде Саратов қ. (Ресей) 2014 жылдың 26-27 қарашасында Координациялық Советтің XII мәжілісі және қазіргі жағдайда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартуда ТМД қатысушы-мемлекеттердің қосқан үлесін қамтамасыз ету XII Мемлекетаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
ТМД қатысушы - мемлекеттер аумақты санитарлық қорғау мәселері жөнінде Координациялық Советтің мәжілісіне және конференцияға әртүрлі Ресей Федерациясының субъектілерінен медико-биологиялық профильдегі 50-ден астам ұйымның өкілдері қатысты, сонымен қатар министірліктер мен ведомстволарға сәйкес ТМД елдері - Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазахстан, Ресей, Өзбекистан, Украина, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіТұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті, М.Айқымбаев атындағы карантиндік және зооноздық жұқпаларға қарсы Қазақ ғылыми орталық және Орал обаға қарсы станция.
Ғылыми - тәжірибелік конференцияда табиғи – ошақтағы ауруларға санитарлық - эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру мәселелері қаралды, ТМД елдерінің аумағында аз кездесетін аса қауіпті жұқпалардың таралуы және әкелуінің алдын алу,уақытында диагностикалау, Гвинея республикасында Эбола безгегінің эпидемиялық бұрқ етуін тоқтатудағы ресейлік арнайы эпидемияға қарсы бригадасының (АЭҚБ) жұмыс тәжірибесі талқыланды.
Қазақстан Республикасынан конференцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіКөліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы А.Асқаров «Халықаралық медико-санитарлық ережесіне сәйкес Қазақстан аумағын санитарлық қорғау» баяндамамен, карантиндік және зооноздық жұқпаларға қарсы Қазақ ғылыми орталығының қызметкері Л.Бурделов мына тақырыпта «Түздік обаға және Конго – қырымдық гемморрагиялық безгекке қарсы экономикалық және экологиялық қауіпсіз алдын алу әдісі» баяндады.
Ресейлік әріптестер ПЦР және ИФА диагностиканы қою үшін импорттыауыстыратын диагностикалық препараттарды шығару және дайындау жайлы қызметтің нәтижесі туралы баяндады, автомобильдік шасседегі зертханалық қозғалу модулдері көрсетілді, эпидемиялық ошақтардағы жұмысқа және бұқаралық спорттық-саяси шаралар өткізетін жерде эпидемиялық жағдайдың алдын алу мониторингін жүргізгенде қолдануға арналған.
Конференцияда ЕАЭД аумағында жаңа қауіп – қатерге қарсы күшті біріктіру керектігі туралы сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар, медико-биологиялық тексеруді шекара аумағында бірігіп жүргізу талқыланды.
