kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ТҰРЫСБЕКОВ 30 АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Созақ ауданынында тұратын 30 "Алтын алқа" иегерлеріне сый-сыяпат жасады. Өз құттықтауын аудандық партия филиалы арқылы жеткізген халық қалаулысы алтын құрсақ аналарды шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. Әрдайым мейірім мен жылылықтың бастауы — батыр аналар да өз кезегінде Мағауия Сексенбайұлына шынайы алғыстарын білдіріп, рахметін жеткізуді аманат етті.

Үнемі халық жанашыры болып жүретін облыстық мәслихат депутатына филиал тарапынан біз де жақсылығыңыз өзіңізге еселеп қайтсын деп тілек білдірдік.