ТӘРТІП ҚОРҒАУШЫЛАРЫҢ СЕНІМДІ СЕРІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен (бұдан әрі –Департамент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі, Кеден комитетінің «Кинологиялық орталығы» мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі – Кинологиялық орталық) бірігіп «Тәртіп қорғаушылардың сенімді серіктері» атты дөнгелек үстел өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қырсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің қызметкері Бақтыбек Әлішов «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» қағидаттарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің негізгі тетіктерін және де Ұлттық Жоспар – «100 нақты қадамның» алғашқы 15 қадамын қең көлемде түсіндіре отырып, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметкерлер жұмысында келешекте болатын өзгерістер туралы айтты.
Іс-шара барысында Кинологиялық орталық басшысының орынбасары А. Тұрсынбаев шекарада, кеден бекеттерінде, аэропорттарда олардың асырандылары қандай маңызды рөл атқаратындары туралы айтты. Контробандалық жолмен жеткізілетін қару-жарақ, ақшалай қаражат және есірткілік заттарды іздеу жұмыстарымен осы асырандылар айналысады. «Бұлар сыбайлас жемқорлық туралы қандай да болсын түсінікті білмейді және иесі қалай үйретті, ол өзінің жұмысын солай мүлтіксіз жасап шығады», деді, өз сөзінде.
Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының психолог маманы Л. Шәкімова сыбайлас жемқорлық тақырыбына жасаған баяндамасында шетелдіктер тәжірбиесін мысалы ретінде келтірді.
Іс шара сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді және жадынамалар таратылды.

