ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ «ADAL KÓMEK» ЖОБАСЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «ADAL KÓMEK» жобасын онлайн режимінде жүзеге асыру жалғасуда.
2020 жылдың 28 сәуірінде «Facebook» әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы тұрғындарға тегін кеңесті Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Т.О.Жүніс «Отбасының басты құндылықтары» тақырыбында берді.
Тікелей эфир барысында орталық директоры Т.О.Жүніс әлеуметтік желі қолданушыларының барлық сұрақтарына нақты жауаптар берді. Тікелей эфирдегі бейнежазбаға сілтеме төменде көрсетілген.
Құрметті достар, COVID-19 пандемиясының таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға байланысты «ADAL KÓMEK» жобасы әр аптаның сенбі күні сағат 10-00-ден бастап әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде жүргізіледі.
Аталған жоба Агенттікпен «Ізгілік елшісі» жобасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатырғандығын естеріңізге саламыз және еліміздегі «Волонтерлер жылы» аясында құқық саласындағы белгілі заңгерлер мен мамандардың ерікті негізде аталған жобаға қатысуларына бағытталған.
Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=231994607907629&id=100032912742049
