ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АРЫСТЫҚТАР ҮЛЕС ҚОСУДА
Түркістан қаласы облыс орталығы болғанына байланысты өңір басшысы Ө.Шөкеев Арыс қаласындағы тәжірибеге сүйене отырып, шаһарды 32 секторға бөлген болатын. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты боп бекітілген.
Арыс қаласына бекітілген №12 секторда бірқатар жұмыстар атқарылып, ел игілігін көруде.
Арыстықтар киелі шахарды көгалдандыру мен абаттандыру үшін өздеріне бекітілген секторда 10000-нан астам көшет отырғызу жоспарланған.
Түркістан қаласының дамуына үлес қосып, қала жайлылығына ауқымды жұмыстар атқарып жатқан арыстықтар, бүгін де бекітілген секторда 1000 түп үйеңкі, 3500 түп қаратал көшеттерін отырғызды. Жалпы, бүгінге дейін, арыстықтар 9000 түп көшет егіп үлгерген.
Аталған бағытта жұмыстар жалғасатын болады.
